Мәңгілік қайталаным

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәңгілік қайталаным (Eternal return) "шексіз айналу", "мәңгі қайта пайда болу", "мәңгілік қайтым" деп те аталады, — неміс ойшылы Фридрих Ницше дамытқан философиялық көзғарас, ол ғалам үздіксіз түрде, мәңгі бақи бірдей түрде шексіз қайталанумен болады деп есептейді, бұл ұғым бойынша ғарыштың қайталану саны мен жиілігіне ешкім білмейді, оның қалай қайталанатынын жорамалдау мүмкін емес деп қарайды.<ref>http://myweb.lmu.edu/tshanahan/Nietzsche-Eternal_Recurrence.html</ref>

Тарихы

Мәңгілік қайталаным ең алғаш ежелгі Мысырда айтылған, сондай-ақ ол Үнді философиясының маңызды тақырыбы болды, үнді діні мен бұдда дінінде арнаулы Мәңгілік қайталаным идеясы бар.

Ежелгі гректерде Пифагор және Стоиктер осы түрдегі дүниетанымды дамытқан.

Кейбір орталықамерикалық мәдениеттерде (мысалы Майя мәдениеті, сосын Әзтек мәдениетінде) де Мәңгілік қайталанымдық дүниетаным және діни сенім нұсқасы бар екені белгілі болды.

Сурет:Blake jacobsladder.jpg
Жақыптың сатысы, William Blake сыз. (1800ж., Британия мұражайы, Лондон)

Батыста классикалық дәстүрлі мәдениеттің құлдырауы мен христиандық түсініктің, христиандық теологияның орнығуымен Құдай дүниені алты күнде жаратты, ең ақырында соңғы сот өткізген соң дүние шексіз жұмақтық әлемге айналады деп түсіндіреді.

ХІХ ғ. орта шенінде Еуропа физиктері егер уақыт шексіз болса, онда ұқсас пішіндегі материя шексіз қайталанады (жоқтан бар пайда болмайды) деп есептеді. Артур Шопенгауэр осы идеяны физикалық дүниетаным ретінде дамытқан болатын. Ф.Ницше Мәңгілік қайталанымға философиялық толғаныс жасап, батыс философиясын осы ұғымнан дамытудың сынағын жасады.

Стоиктер бойынша: Әлемдегі барлық заттар кезінде ұқсас пішінде шексіз рет пайда болған, болашақта да солай болады, әрбір қайталаным ақыры отқа (conflagration)қайтып, сосын тағы жаңа қайталанымды бастайды деп есептеді.

Ф.Ницшенің бұл идеяны түсіндіруі

Сурет:Nietzsche-Stein 01.jpg
"Ницше тасы, Сурлей маңы (Швейцария), Ф.Ницшенің "Заратуштра солай айтқан" кітабындағы "Мәңгілік қайталаным" идеясының шабыты дәл осы тастың үстінде ояныпты.

Ф.Ницше өзінің дәл осы идеяға бекінуіне 1881 жылдың тамыз айында тау басындағы орманды сейілдеп жүріп келгенін айтады. Ол бұл идеяға ежелгі грек ойшылы Гераклиттің өзгерістер туралы ілімі негізінде орныққанын жасырмайды. Ол мұны "Нигилизмнің ең ұшқары формасы", («Үстемдік еркі» кітабы) сондай-ақ нигилизмнен құтылу амалы деп түсіндіреді. Ол «Заратуштра солай айтқан» кітабында былай айтады:<ref>Nietzsche, Ecce Homo, "Why I Write Such Good Books", "Thus Spoke Zarathustra", §1</ref> Үлгі:Дәйексөз Үлгі:Дәйексөз

Үлгі:Дәйексөз

Үлгі:Дәйексөз Ф.Ницше бойынша Мәңгілік қайталаным идеясы қарамаққа ең ғылымисызы құсағанымен, оның "барлық философиялық жорамалдар арасындағы ең ғылымиы" («Үстемдік еркі» кітабы). Себебі, Ғаламның энергиясы жоғалмайды және уақыт шексіз, шекті күш шексіз уақыт жебесінде қозғалады, демек ол сөзсіз үздіксіз қайта туылуға тиіс. Бірақ бұл түрдегі онтологияны ғылыми тұрғыда дәлелдеу мүмкні емес, демек бұл идея тек физикалық, метафизикалық мағынада қойылмағаны анық.

Басқалардың пікірі

Әйгілі Ницшетанушы ғалым Кауфманның бұл туралы пікірі: "Мәңгілік қайталаным Ф.Ницше үшін ұғымдық мағынасына қарағанда кешірмелік сезінулік мағынасы басымырақ түсінік.... Ол өзінің осындай сезімді тұңғыш кешіргені туралы көп айтқан, өйткені бұл ол үшін тіршілікті (ақыр-соңы бәрібір жоғалудан) құтқарудың тамаша сәті болатын."<ref>Kaufmann, Walter. Nietzsche; Philosopher, Psychologist, Antichrist. 1959, page 376.</ref>

Мартин Хайдеггердің айтуынша Ф.Ницше Шаттану ілімінің 341 нақыл сөзінде "Мәңгілік қайталаным" идеясын нақты дәйекті, дәлелденген пікір ретінде емес, жорамалдық пікір ретінде ортаға қойған деп есептейді.<ref>See Heidegger Nietzsche. Volume II: The Eternal Recurrence of the Same trans. David Farrell Krell. New York: Harper and Row, 1984. 25.</ref>

Мәңгілік қайталаным идеясының философиялық мағынасы

Зерттеулерге сүйенсек, Ф.Ницше «Заратуштра солай айтқан» кітабында үш түрлі Мәңгілік қайталанымды алға тартқан, ажыратқан. 1) Ғаламдық, немесе метафизикалық (физиканың ар жағындағы, физика шеше алмайтын) Мәңгілік қайталаным идеясы. Бұл Заратуштраның хайуандарының көкейіндегі Мәңгілік қайталаным. 2) Пессимистік және нигилистік мәңгілік қайталаным. Бұл әлемдегі баршаны шексіз дөңгелеген тұйық шеңбер бойындағы өлі қайталаным көру, не істесең де ештеңе шықпайды, қатал тағдыр бәрібір ештеңені артық, не кем етпейді деу, бұл «Заратуштра солай айтқан» кітабында айтылатын Дүмшелер санасындағы мәңгілік қайталаным. Бұл екі түрлі Мәңгілік қайталаным идеясы мейлі өткен, мейлі қазір, немесе болашақ болсын, барлық нәрсе ұқсас пішінде, ұқсас негізде, түптүгел қатал түрде мағынасыз қайталана береді дегенге негізделген. Ал, Заратуштраның өзі (Ф.Ницшенің өзі) ол екі түрлі қайталаныспен келіспейді. Заратуштра өз хайуандарының "ұқсас заттардың қайталануы, туралы "былжырақтары мен күңкілін" пышақ кескендей тиып, оларды тікеден тіке түрде "жақсы ниетті ақымақ", "жыртық гармон" деп айыптайды. Ол сондай-ақ Дүмшеге қарап "Дүмше, екеуіміз қатар тұра алмаймыз" дейді. Егер хайуандар айтқан барлық нәрсе сол бір түп-түгел қалпымен қайталанатын Мәңгілік қайталаным болғанда, бәрі тек шеңберді бойлап айналады, барлық мүмкіндік текке кетеді, ештеңе өзгермейді, бәрі бос әурешілік болады. Пессимизм мен нигилизмге салынған Дүмшенің Мәңгілік қайталанымы да сол секілді.<ref>http://myweb.lmu.edu/tshanahan/Nietzsche-Eternal_Recurrence.html</ref>

Әрине, Мәңгілік қайталаным тек Ницшеден басталмайды, ол туралы оған дейін де сансыз ой-тұжырымдар айтылған. Ежелгі Грек ойшылы Пифагор, Гераклит, стоиктер, ежелгі үнділер бұл мәселе туралы көп зерттеген және кейінгісі оны тіпті діни сенім деңгейге көтерген. Бірақ неге Ницше Заратуштраны тұңғыш "Мәңгілік қайтаналым" оқытушысы дейді? Өйткені, "Мәңгілік қайталаным идеясының ең түйінді негізі барлық іске және әрбір сәтке қарата айтылатын сол бір қарсы сұрақта жатыр: "сен осындай адамның қайталанып мыңдаған рет қайта туылуын қалайсың ба?" Немесе, "өзіңнің істемекші болған барлық ісіңе қарсы сұрақ қой: Менің өзімнің шексіз рет осылай жұмыс істеуімді күтемін бе?". Әрине, егер біз өзімізге осылай сауал қойсақ, осындай Мәңгілік қайталаным талабы бойынша өзімізді таңдасақ және іс-әрекетімізді өлшемдестірсек, онда біз тіршілікті қаралайтын, терістейтін істер мен күштерден ажыратамыз, тазалаймыз. Өйткені кез келген өмірге қарсы іс біздің қайта туылуымызды, шексіз қайта келуімізді күтпейді, үміттенбейді, тіпті қаламайды да.

Шексіз қайта туылу мұнда өмірді растайтын, қолдайтын, ақтайтын белсенді күш.

Сурет:Ruwenpflanzen.jpg
Тіршілік тынысы

Ал, егер өмірді терістеу мәңгі қайталанды десек, онда ол өмірді өзінің кері жағына айналдырып, басқа бір өмірдің қайталаныуына алып барады.

Азап пен қайғы өзін терістеудің бірі, адамның оған мәмілесі одан тезірек құтылу, алыстау, жеңу болады. Сондықтан оның ұраны әркез "тағы келші, қайталаншы" емес, "жоғалшы!" болуға тиіс.

Егер біз әр рет белсенді түрде, қайсар түрде шаттыққа ұмтылып, жоғалған шаттығымыздың тағы да қайталануын тілесек, және осылай өмір сүрсек, міне бұл Мәңгілік қайталанымның адам үшін рухани талап екенін аңғарғанымыз. Демек шаттық қана қайта-қайта келсін, шексіз болсын деуге тұратын нәрсе.

Сондай-ақ, шаттықта басқа талап жоқ, "шаттық тек өзін аңсайды, мәңгі болуды аңсайды, қайталануды аңсайды, бәрінде мәңгі бірдей болуды аңсайды", ал азап өзін аңсамайды, өзінің қайталануы мен мәңгілігін қаламайды, ол өзін терістеу мен асып түсуді, өзінен озуды күтеді.

Әрине, егер жоғарырақ шаттық үшін, жоғарырақ махаббат үшін (бұл түрдегі Дионистік шаттық пен махаббат азап арқылы өз шаттығы мен махаббатын күшейтуге тырысады) азаптанса, онда бұл түрдегі азап пен қайғы өмірді терістейтін нәрсе емес, ол шаттықты растайтын, қолдайтын, жақтайтын күш боғаны.

Демек, Заратуштраның (Ф.Ницшенің) Мәңгілік қайталанымы жоғарыда айтылған екі түрлі Мәңгілік қайталанымнан өзгеше, ол ең алдымен таңдау идеясы: Сен өзіңнің кезектегі өміріңнің қайта келуін, шексіз қайталануын қалайсың ба? —— Бұл сұраққа екі түрлі жауап беріледі: қолдау және терістеу. Міне бұл Мәңгілік қайталанымның адамды бағалағыштық, сынағыштық қасиеті, алдыңғы жауап белсенді, өз әрекетіне риза түрде белсенді берілу және қайталануын аңсау, ал кейінгісі кері кеткен, оның өз әрекетіне қарата өзінен келетін белсенді қолдаушы күш кем, демек ол ырықсыз күйде.

Сурет:Male Lion and Cub Chitwa South Africa Luca Galuzzi 2004.JPG
Жеңімпаздар және жеңілушілер

Дегенмен, Мәңгілік қайталаным мағыналы шаттық иесінің мәңгі қайталануы болса, онда түкке тұрмайтын тобырлардың Мәңгілік қайталануы қалай болады? Әрине, олар ырықсыз, терістегіш, керітартпа күш болғандықтан өз өзіне қайшылығы себепті олар бір реттік қана, ешқашан қайталанбайды, соңғы рет қана болады. Бұл түрдегі сұрыптаудан белсенді, жігерлі, қолдағыш, растағыш күштер іріктеліп, барлық бейшара, кертартпа, кері кеткен, ырықсыз күштер ығыстырылады, аласталады. Осынау тазарту бейнелеп айтқанда Асқан адамды (супермен) туғызады. Бұл Ницшенің эволюция идеясымен де байланысты екенін көрсетеді —— Асқан адам Мәңгілік қайталанымның іріктеуі мен сұрыптауының нәтижесі. Ницшенің саясаттану идеясы бойынша қоғам дәрежелі болуға тиіс. Егер ұсақ тобырлар Мәңгілік қайталанымда тозып жоғалатын болса, біртіндеп әлеуметтік дәреже де жойылады. Мәңгілік қайталанымда тіршілікті шірітетін, кері кетіретін, әлсірететін терістеуші күштер мен керітартпа күштерге шығар жол жоқ. Тек тіршілікті жақтайтын күштер, жетілдіретін күштер, шабыттандыратын, жігерлендіретін күштер ғана Мәңгі қайталануға тиіс. Демек, Асқан адамның туылуына алып баратын Мәңгілік қайталанымда талғампаздық және сұрыптау жүреді: кәртею мен шіру ығыстырылады, әлсіздік шектеледі, тіршілікке қарсылық сыналады. Тек мықтылар ғана Мәңгілік қайталанады, әлсіздерге шығар жол жоқ, тек балалар ғана қайталанады, кәрілерде қайталану мүмкіндігі болмайды, тек дені сау кемел адамдар ғана қайталанады, ауырулар мен жабылар жойылып отырады, тек тіршілік күшін растаушы, жақтаушылар ғана қайталаанады, тіршілікті терістеуші күштер қайталанбайды. "Асық үйіру" мағынасында: "Мәңгілік қайталаным кездейсоқтықты да растайды, асық үйірудің рет саны мен асық үйірудің өзін растайды, қолдайды, содан сөзсіздік келіп шығады." Асық үйірудің нәтижесінің қайталану мүмкіндігі шексіздіктегі кездейсоқ бір рет, ол шекті күйдегі Мәңгілік қайталанымға алып барады". Шексіз көп кездейсоқтық болмаса, шекті сөзсіздік болмайды, көптік болмаса бірлік болмайды. Дегенмен, Ницше айтқан: "Сенің тұрмысыңдағы азабың, шаттығың, идеяң, тіпті айтып жеткізуге болмайтын барлық нәрселер, үлкенді-кішілі істер түгелдей сенің бойыңда қайталанады, ұқсас тәртіппен қайта көрінеді." Демек, қайталанбайтындарға қарағанда қайталанатындары көбірек болмақ.

Дегенмен, егер бұл түрдегі растау мен терістеу мәмілесі егер Мәңгілік қайталану сенімінен туатын болса, ал қайталанудың өзі объективті түрдегі рас нәрсе емес болса, онда ол бейне И.Канттың Ақыл туралы үш жорамалы секілді тек субъективті нәрсеге айналады. Ондайда, растау мен терістеу мәмілесі өмірдің шолақтығына бола және барша жаратылғанның күйреуіне орай үмітсіздікке беріледі. Сондықтан Ф.Ницше мұнда Мәңгілік қайталанудың объективтігін баса дәріптеді.

Ф.Ницшенің пікірі бойынша, егер біздің күштілігімізді қиялдау және жоспарлау мөлшеріміз шексіз болса, онда біз үшін Мәңгілік қайталанымның маңызы қалмайды. Өйткені, шексіз көп күш үшін көбею де, азаю да мәнін жояды. Сондықтан дүниеде күштің шамасы шексіз емес, сондай-ақ ол да барша кеңістікке бірдей тең шамада жайылған емес. Демек кеңістік пен күш ғарышта шексіз емес. Сондықтан Уақыт шексіз және кеңістік пен күш шекті болғандықтан, Мәңгілік қайталанымның сұрыптауға құрылған қайталануы іске асады. Ницше былай дейді: "Егер дүние-ғаламды мәлім көлемдегі, мәлім шамадағы күштердің орталығы деп мөлшерлесек, онда дүние өзінің өмір сүру ойынында белгілі шамадағы асық үйіру санының бірігуін бастан кешіреді. Шексіз уақытта әрбір мүмкін бірлік әрқашан шыға беруі мүмкін. ... Сондай-ақ әрбір бірігу мен келесі қайталанудың бірігуі арасында барлық бірліктер түгел шығуы мүмкін және бұл бірлікте әрбір белгілеу барлық нәтиженің себебі болуы да мүмкін. Міне бұл қайткен күнде мүлде тең шамадағы тәртіптің қайталанысы бар екенін көрсетеді. Сондықтан дүние дегеніміз қайталаныс, ол басталудан ақырласуға дейін жылжыған ауысулар арқылы өзін туғызып, шексіз түрде өзін қайталайтын ойын."

Ницше Шаттану ілімінде былай дейді: Үлгі:Дәйексөз

Өткен тарих айтып кеткендей, бұл түрдегі Қайталаныс ап-айқын емес, тарих та біркелгі, бір өлшемді, ұп-ұқсас қайталанбайды. Сондай-ақ бұл түрдегі Қайталаныс бізден алыс та емес, өйткені ол сенің өміріңнің ішінде қайталанып жатыр, сенің өміріңді құраған нәрселерді қайталап жатыр. <ref>Notes on the Eternal Recurrence - Vol. 16 of Oscar Levy Edition of Nietzsche's Complete Works (in English)</ref>

Демек, Ницшенің көздеген мәселесі адам өмірінің мәнділігі мәселесіне барып тіреледі, содан "Ұқсастық қайталанады" идеясын ұсынады және сол арқылы "өмірде мән-мағына бар ма, әлде жоқпа" мәселесіне жауап қарастырады. Бейшар адамдар, дүрмекке ерген тобырлар, ақырласқан адамдар, кәртейгендер, азғындағандар, іріп-шірігендер, өмірді қаралағандар түгелдей қайталанбайды, сондықтан олар басқа бір нәрсеге табыну арқылы тағдырдан бойтасалағысы, ұлы нәрселердің етегіне оралып уақыт тезінен өткісі келеді. Нағыз қайталанатыны ғажайып сәттер, ұлы жүрек, қайсар ерік, жасампаздық, жеңімпаздық, даңық құштарлығы, билеу, бойсұндыру, ең болу, міне солар Мәңгілік қайталанады және Асқан адамды туғызады.<ref>Dudley, Will. Hegel, Nietzsche, and Philosophy: Thinking Freedom. 2002, page 201</ref><ref>Kundera, Milan. The Unbearable Lightness of Being. 1999, page 5</ref>

Демек, Мәңгілік қайталаным нигилизм мен пессимизмге қарсы айтылған ең қуатты қарсылықтың бірі есептеледі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер