Үстемдік еркі (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үстемдік еркі кітабы - Неміс ойшылы Фридрих Ницше тірі және сау кезінде жоспарлаған, бірақ жазылып бітпей қалған кітабы болып, оны басқалар одан қалған қолжазбаларынан құрастырған. Ф.Ницшенің жарияланған кітаптарына енбей қалған үзінді сөздері мен нақылдарын оның мұрағатына заңдық мұрагер болған қарындасы Элизабет (Elisabeth Förster-Nietzsche) Ф.Ницшенің досы Heinrich Köselitz ("Peter Gast")-пен бірлесіп реттеп, «Үстемдік еркі» (der Wille zur Macht) деген тақырыппен 1901 жылы, және 1906 жылдары екі рет басып шығарды.

Қате аударма
Аталған кітаптың аты және аталған идея (Ф.Ницшенің бүкіл философиясының тағаны) кейде орысша нұсқасындағы «Воля к власти» аудармасына орай қазақша «Билік еркі» деп қате аталып жүр. Билік сөзінің саяси мағынасы қою болғандықтан Ф.Ницшенің әуелгі түпнұсқа идеясына сай келмейді. XX ғасырдың әйгілі ойшылы Мартин Хайдеггер 1930 жылы Ф.Ницше кітаптарының идеяларынан сабақ бергенде "Физикалық күш пен Саяси күш бұл идеяға тіке қатысы жоқ" деп ашық айтқан. Неміс тіліндегі Macht сөзінің мағынасы «үстемдік», «күш», «құдірет» сөздеріне сай келеді және Ницшенің айтпақшы болғаны да осындай күштілікке, құдіреттілікке, үстемдікке, жеңімпаздыққа жетуге талпынған ерік туралы болып отыр. Аталған терминнің ағылшынша нұсқасы мен французша нұсқасында да осы мағына көрнекіленген: "The Will to power", немесе "Volonté de puissance". Демек оны қазақша «Үстемдік еркі» деп аудару Фридрих Ницшенің түпнұсқа идеясына жақынырақ келеді.

Түнпнұсқаны бүлдіру

Сурет:Elisabeth förster 1894a.JPG
Элизабет Ницше

Кейінгі зерттеулер бойынша Ницшенің қарындасы Элизабет Ф.Ницшенің досы Peter Gastпен бірлесіп, бұл кітапты өз қалаулары бойынша келсін-келмесін өзгерткені, әсіресе өздерінің саяси идеялары бойынша көптеген үстемелер мен толықтаулар қосып, мәтін мағынасын мүлде бұзатын түзетулер еңгізгені белгілі болды. Ф.Ницше тірі кезінде өз идеяларына өзгеріс енгізуге қарсы болғаны, әсіресе қарындасының антисемиттік идеяларына бола ренжісіп, сау кезінде көріспей кеткені белгілі. Бірақ Ф.Ницшенің есі ауысып, ештеңені сезбейтін кезге жеткеннен бастап ол ағасының кітабын Нацистік идеялармен өңдеп, Нацизм идеологиясына Ф.Ницшенің неміс қоғамындағы жоғары беделін пайдаланып көмек беруге тырысты. Олар тіпті автор айтпаған сөздерді де араластырып, басқа автордың сөздерін де еш сілтемесіз қосып, оларды да Ф.Ницшенікі дегендей қате түсінік қалыптастырған екен.

Түпнұсқаға қайтару
1960 жылдары зерттеушілер Mazzino Montinari мен Giorgio Colli Ф.Ницше қолжазбасын түбегейлі қайта зерттеп, түпнұсқаға біршама жақындаған алғашқы нұсқасын жариялады, және нақыл сөздердің рет тәртібін түзетті. Бұл нұсқасы кейін әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Тек қазақша нұсқасы күні бүгінге дейін Ф.Ницшенің басқа кітаптары секілді әлі аударылған жоқ.

Бұдан басқа Ф.Ницшенің мысалы ертерек кезде жазған «Грек трагедия дәуірінің ойшылдары» делінетін жинағы ол қайтыс болған соң басылып шыққан. Аталған кітапта Ф.Ницше Сократқа дейінгі Грек ойшылдарының даналығына талдау жасайды.<ref>Magnus and Higgins, "Nietzsche's works and their themes", in The Cambridge Companion to Nietzsche, Magnus and Higgins (ed.), University of Cambridge Press, 1996, pp.21-58</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер