Мэри Кингсли

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мэри Хенриетта Кингсли (Үлгі:Lang-en, 13 қазан 1862 жыл Лондон — 3 маусым 1900 жыл, Саймонстаун, Южная Оңтүстік Африка) — ағылшын жазушысы, Африка зерттеушісі<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D1%81%D0%BB%D0%B8,_%D0%9C%D1%8D%D1%80%D0%B8</ref>.

Ол тропикалық Африка жайында еуропалықтардың көзқарасын өз туындылары мен зерттеулерінің арқасында біршама өзгерткен тұлға.

Өмірбаяны

Мэри Кингсли жазушы әрі саяхатшы Джордж Кинсли мен Мэри Бейлидің тұңғыш қызы. Ағайынды роман жазушылар Чарльз және Генри Кингслилер оның нағашылары еді.

Оның бір жасында отбасы Хайгейтке қоныс аударады. Сол жерде 1866 жылы оның інісі Чарльз дүниеге келеді.

1870-1875 жылдары оның әкесі іссапармен Оңтүстік Америкада

Мэри ресми түрде ешбір жерде білім алмаған. Алайда ол әкесінің бай кітапханасынан білім нәріне қаныға өседі. Ол өз кезеңіндегі танымал романдардан гөрі, ғылыми-әдеби кітаптар мен саяхатшылар естеліктерін оқығанды ұнататын.

1880 жылы Мэридің анасы науқастанады. Ал 1892 жылы оның әкесі де, анасы да өмірден өтеді. Әкесінен оған мирасқа 4300 фунт қалады. Соның нәтижесінде Мэри саяхатқа шығуға мүмкіндік алады.

Оның Канар аралдарына жасаған кішігірім саяхатынан кейін, Мэри Батыс Африкаға сапар шегуге дайындала бастайды.

1894 жылы ол Африкаға аттанады. Африкада жүріп ол жергілікті халықтың мәдениетін, дәстүрін зерттеп, Африка климаты жағдайында өмір сүруді үйрене бастады. Габонға саяхаты кезінде Мэри Кингсли Огове өзені бойымен жүзіп, бұрын белгісіз болып келген балық түрлерін анықтады. Кейіннен бұл балықтардың үшеуіне оның есімі берілді.

Ағылшын-бур соғысы кезінде Кингсли Кейптаунға аттанады. Ол жерде ол медбикелікпен айналысады.Ол Симонстаун госпиталінде тұтқындағы бурларды емдеу ісіне атсалысады.

Екі айдан соң 1900 жылдың 3 маусымында ол сүзек ауруынан қайтыс болады. Оның аманаты бойынша оның денесі теңізге жерленеді.

Шығармашылығы

Мэри Кингслидің Африкаға жасаған саяхаты жайында екі кітабы бар: "Travels in West Africa" (1897 жыл) және "West African Studies" (1901 жыл). Бұл кітаптары арқылы ол ғылыми қауымдастықта біршама бедел жинады.

Алайда "Таймс" секілді кейбір газеттер оның сыни жарияланымдарын жариялаудан бас тартады. Оның себебі ретінде Кингслидің Британия отарлау саясатына қарсы келуімен түсіндіреді.

Шығармалары

  • Blunt, A. Travel, Gender and Imperialism: Mary Kingsley and West Africa, Gilford Press 1994
  • Dea, B. Mary Kingsley: Imperial Adventuress, Palgrave Macmillan 1992
  • Katherine Frank, A Voyager Out: The Life of Mary Kingsley, (Boston: Houghton Mifflin Company, 1986)* Kingsley Mary Travels in West Africa — National Geographic, 2002. — ISBN 0-7922-6638-2.

Kingsley, M.H. West African Studies, Frank Cass Publishers 1964

  • Kingsley, M.H. 'Travels on the western coast of Equatorial Africa' Scottish Geographical Magazine, 12, p. 113-124, 1896
  • Mcloone, M., Women explorers in Africa: Christina Dodwell, Delia Akeley, Mary Kingsley, Florence von Sass Baker, and Alexandrine Tinne (Capstone Press, 1997)

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}