Мыс концентраты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мыс концентраты<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref>(лат. concentratus – шоғырланған)- кен өндіру өнеркәсібінде – пайдалы қазылымдарды байыту өнімі, не шикізатты химиялық өңдеудің өнімі.

Қолданылуы.

Бұл өнімдерде пайдалы құрамбөліктер мөлшері бастапқы шикізаттағыдан көп болады. Пайдалы құрамбөліктер мен қоспалар мөлшері, ылғалдығы, түйіршіктерінің ірілігі жағынан белгілі бір стандарттық талаптарға сай келетін концентраттарды кондицияланған (шартты сапалы) деп аталады. Олар байыту фабрикасынан тікелей пайдалануға не металлург. өңдеуге жіберіледі. Құрамындағы мыстың аздығынан және кешенді сипаттамаларының барлығынан мыс кендерін бірден металлургияға өңдеуге жіберу пайдасыз, сондықтан оларды алдын ала талғамды флотация байытудан өткізеді. <ref>Мыс кені</ref> Мыс кенін байыту барысында негізгі алынатын өнім, құрамындағы мыс 55%-ға жететін (көбінесе 10%-дан 30%-ға дейін) мыс концентраты болып есептелінеді. Ал флотация кезінде мыстың концентратқа өту шығымы 80%-дан 95%-ға дейін болады. Байыту барысында мыс концентратынан басқа қосымша пиритті және түсті металдар концентраттары (мырышты, молибденді, т.б.) алынады. Флотация концентраттары ұнтақтарының ірілігі 74 мкм-ден аспайды. Құрамы бойынша өте күрделі нашар байытылатын көп металды кендерді байыту кезінде басқа концентраттармен қатар, көбірек мөлшерде құрамында, көбінесе 8% – 10% мысы және 16% – 18%-ға дейін мырышы бар өнеркәсіп өнімдері алынады. Бұл өнімдерді металлургия әдістерімен өңдеу техника-экономикалық көрсеткіштері жағынан өте тиімсіз болып табылады.

Қазақстандығы мыс шикізат көздері.

Қазақстанда мыс шикізат көздері Орталық, Шығыс (Кенді Алтай) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған. Тек қана соңғы жылдарда мыс-мырыш күрделі концентраттарын балқытып, ұқсатып өңдеу, автогенді балқытып өңдеу тәсілдерімен Балқаш мыс зауытында ПВ (Ванюков) пешінде жүргізіледі.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Мыс өнеркәсібінің қысқаша сипаттамасы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Chem-stub