Концентрат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Концентрат (лат. concentratus – шоғырланған, топтастырылған), 1) тамақ өнеркәсібінде – сақтауға және одан жылдам тамақ әзірлеуге ыңғайлы кептіріліп престелген тағам өнімдері мен жартылай фабрикаттар; 2) ауыл шаруашылығындағы Концентрат (құнарландырылған жем) – құрамында қоректілігі жоғары заттары бар (дәнді азық, құрама жем, күнжара, кебек, т.б.) мал азығы. Ауыл шаруашылығындағы барлық жануарлардың жемшөп құрамына кіреді; 3) тау-кен өндірісіндегі Концентрат – жер қойнауынан алынған пайдалы қазбаны байытудың нәтижесінде алынған өнім; оның құрамындағы бағалы минерал мөлшері алғашқы шикізаттағыдан көп болады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы" ,11 - том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub