Меруерт Қаратайқызы Өтекешова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Меруерт Қаратайқызы Өтекешова (1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласыда туған) — кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1973 жылдан).
Жалпы мәліметтер
- 1968 ж. Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.
- 1969-1973 ж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген.
- КСРО Халық артисі Х.Бөкееваның класында дәріс алған.
- 1973 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында артистік театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973).
Рольдері
- «Қыз Жібек» (1970)
- «Ағам менің» (1972)
- «Ұлымның оралуы» (1977)
- «Қосымша сұрақтар» (1977)
- «Тентек балалар»(1980)
- «Аждаһа жылы» (1981)
- «Орнамент» (1982)
- «Кінәңді ақта» (1983)
- «Жауын»
- «Ақ бақсы», т.б.
- «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.
Жеке өмірі
Меруерт Қаратайқызының жұбайы: қазақ киносының жұлдызы, Қазақстанның халық артисі, "Парасат" орденінің иегері Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков.
Марапаттары
- М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанған.
- Республикалық «Жігер» фестивалінің де лауреаты.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
- 1982 жылы "Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы.
- 2008 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталған.
- 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі.
- Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Сахналық ғұмыр» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл)