Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурыз 1945 жылы туған, Алматы облысы Сарқант ауданы, Екі ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1976). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1969 жылдан).

Өмірбаяны

  • 1969 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (педагогы – профессор Х.Бөкеева) бітірген.
  • Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды.
    • Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970). Бұдан кейін
    • “Қыс – мазасыз маусым”
    • “Ағам менің”
    • “Ерекше күн”
    • “Аққулар ұшып келеді”
    • “Махаббат жаңғырығы”
    • “Ағама арналған қалыңдық”
    • “Қараша қаздар қайтқанда”
    • “Провинциялық хикая”
    • “Алаң шеті”
    • “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.
  • Ол театр сахнасында
    • Қасым, Құлбек (Ш.АйтматовАна - Жер-Ана” мен “Ақ кемесі”)
    • Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман - Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік-Кебек”)
    • Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”)
    • Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы, 1976)
    • Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”)
    • Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”)
    • Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”)
    • Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”)
    • Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”), т.б. секілді әр алуан рөлдерді орындап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

  • 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
  • 1982 жылы "Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі
  • 1993 жылы "Қазақстанның Халық артисі"
  • 2008 жылы "Құрмет" Ордені
  • 2015 жылы "ҚР коститутциясына - 20 жыл" мерекелік медальі
  • 2016 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша "Парасат" орденімен марапатталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер