Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - құрметті атақ. Театр, музыка, кино, эстрада, хореография және цирк өнерін өркендетіп, дамыту ісіне үлес қосқан өнер адамдарына берілген. 20 ғасырдың 20-жылдары "Қазақ АКСР-інің еңбек сіңірген артисі" деген атақ белгіленіп, 1925 жылы алғаш Д.А. Летковскийге, 1934 жылы К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Е.Г. Брусиловский, Қ.Жандарбеков, Қ.Қуанышбаев пен М. Шамоваға берілді. 1936 жылдан бастап осы атақпен танымал өнер қайраткерлері марапатталып келді. 1991 жылға дейін "ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі" ал 1995 жылдан "Қазақстанның еңбек сіңірген артисі" деп аталды. 1999 жыл- дан бұл атақты беру тоқтатылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}