Медициналық техника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Медтехника.jpg
Жылжымалы гаммакамера.

Медициналық техника<ref>Краткая медицинская энциклопедия, 2-том. Москва - 1989. ISBN 5-85270-056-8</ref> - аурудың алдын алу, диагностика жасау, емдеу және сауықтыру мақсатында, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шараларды орындау, дәріханаларда дәрілер дайындау барысында пайдаланылатын техникалық заттардың жиынтығы.

Медициналық техниканың дамуы

Медициналық техниканың дамуына ықпал ететін жағдайлар:

  • ғылыми-техникалық ілгерлік;
  • әлеуметтік-экономиялық өзгеріс;
  • медицина мен денсаулық сақтауда жаңа түсініктердің пайда болуы.

Электронды-есептеу техникасының, кибернетика және информатиканың дамуына байланысты организмнің жағдайын өңдеп және анализ жасап, ақпарат бере алатын микропроцессорлар орнатылған техникалық заттар және жекелеген дене мүшелерінің қызметін атқаратын құрылғылар пайда болды.

Медициналық техниканың топтары

Медицина салалары бойынша дамыған медициналық техникалық құрылғылар:

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>