Дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы, ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданатын шипалы заттар.
Мазмұны
Тарихы
Дәрі-дәрмек адам баласына ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан 4-5 ғ. бұрын грек дәрігері Гиппократ еңбегі жұртшылыққа кеңінен тараған. Бұдан кейінгі медиуиналық еңбектер Рим дәрігері Галеннің есімімен тығыз байланысты. Оның пікірінше, табиғатта дайын тұрған Дәрі-дәрмек жоқ, бірақ өсімдік пен жануар организмінде сол Дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар. Гален сол шипалы заттарды бөліп ала бастады. Сөйтіп Дәрі-дәрмек жасау технологиялық әдісі күрделене берді. Атақты азиялық ғалым-дәрігер Ибн Синаның ғылыми мұра еңбегінде Дәрі-дәрмек мәселелеріне зор мән берілген.
19 ғ-дың ортасында Фармокология ғылымы дамыды. Осыған байланысты аспирин, фенацитин, кокаин, ұйықтататын, сезімсіздендіретін Дәрі-дәрмектер т.б. шыға бастады.
Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты жіктелуі
Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты 5 топқа бөлінеді:
- химиялық синтез өнімі
- тірі организмнен алынатын (антибиотиктер, кейбір витаминдер)
- дәрілік өсімдіктерден
- жануарлардан (гормональді, ферментті препараттар)
- мұнай, минералды тұздар, тас көмір т.б. жасалатын Дәрі-дәрмектін алынуа байланыстытер
Дәрі-дәрмектін қолдануына байланысты жіктелуі
Қолдануына байланысты Дәрі-дәрмек бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық Дәрі-дәрмектер, қызу басатын Дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер, т.б. Бұл жіктелуді фармокологиялық жіктелуідеп атайды.
Бұдан басқа Дәрі-дәрмектер қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т.б.), шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т.б.), т.б. жіктеледі.
Дәрі-дәрмектің жасалуы
Дәрі-дәрмектер фармацевтика зауыттарында жасалады, дәріханаларда дайындалады.
Дәрі-дәрмектің әсері
Дәрі-дәрмектің науқас адамға әсер ету күші оның құрамына және науқастың жасына, жалпы жағдайына байланысты.
Дәрі-дәрмектерді қолдану шарттары
Дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында немесе кейін пайдалану керек. Бір науқасқа белгіленген Дәрі-дәрмекті басқа адам пайдалануға болмайды. Дәрігерді рұқсатысыз пайдаланған Дәрі-дәрмек адам организміне зиян келтіреді. Дәрі-дәрмекті үйде сақтағанда, бабалар ала алмайтын жерге қою қажет. Пайдалану мерзімі өткен дәріні тастау керек.
Дәрі-дәрмек сот медицинасында
Сот медицинасында дәрі-дәрмектер адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілетіне ие болды. Өз-өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек үлесінің маңызы зор болғанымен, бірак барлық осындай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып табылмайды. Негізгі сарын өзінікі сияқты, өзге біреудін мінез-құлқына,допинг немесе есірткіні пайдалана отырып, белгілі бір деңгейде әсер ету аркылы, оны психотропты немесе есірткілік заттардың көмегімен бағынышты, тәуелді немесе еркінен айыру көзделеді. Дәрі-дәрмектер тудырған әсерлер, көп жағдайда басқа қылмыстық әрекеттер кезінде, әсіресе автокөлік қылмыстарында маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда дозаны асыра қолдану, не оның болмауы немесе шүғыл кажетдәрі-дәрмекті бермеу елеулі маңызға ие болады.
Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеу.
Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеуі көп қиындықтармен тығыз байланысты. Оқиға орнында табылған дәрі қораптары мен улану белгілері кұнды деректер бере алады. Әйтсе де көп жағдайларда, материалды соттық-химиялық зерттеу кезінде белсенді заттар мөлшерінің тым аз болатыны соншалықты, зиянын тигізген компонентті ұзақ уакытқа созылған, күрделі сараптаулар нәтижесінде ғана байқап, анықтау мүмкін болады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/>