Электроэнцефалография

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:EEG cap.jpg
ЭЭГ жазбасын орнату

Электроэнцефалография (қысқаша ЭЭГ) (электро- + Үлгі:Lang-grc — "ми" + Үлгі:Lang-grc2 — "жазу", "тіркеу", "білдіру"; Үлгі:Lang-en, EEG) — электрофизиологиялық мониторда мида және [жүйке]] талшықтарында<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref> болатын биоэлектрлік қозғалыстар мен өзгерістерді жазып алу, тіркеу әдіснамасы. Бұл әдіснама "қара сандық" деп аталатын мидағы биоэлектрлік құбылыстарды оны бүлдірмей тұрып зерттеуге мүмкіндік береді, әсіресе мидағы әлеуетті түсіндіруде белгілі бір нақты деректермен қамдайды. ЭЭГ бойынша нәзік толқындарды сезетін электродтар бас терісіне жапсырылып, күрделі бағдарламалық жүйе арқылы мидан шыққан биоэлектрлік толқын жазып алынады. ЭЭГ арқылы ми нейрондарындағы ионды қозғалыстар тудырған толқындар кернеуі өлшенеді.<ref name = "Niedermeyer">Үлгі:Cite bookҮлгі:Page needed</ref> Мұнда зерттеу назары ЭЭГ әдіснамасы арқылы нейробиологиялық синхронизацияға ("нейорндық тербеліс", ауыз екі тілде тілде "Ми толқыны" деп те аталады) бағытталып, ЭЭГ ақпары (сигнал) жазып алынады.

Сурет:Spike-waves.png
ЭЭГ жазбаcы "Ми толқындары"

Клиника саласы ЭЭГ технологиясын мидағы табиғи биоэлектрлі толқындардың уақыт бойынша периодты өзгерісін тіркеуге қолданады. Бұл үшін бас терісінің көп тұсына түрлі электодтар жапсырылып, ондағы биоэлектрлі толқындар жинастырылады, және соңында оның қисық сызықты диаграммасы жасалады. Бұл арқылы науқас ауруының миға әсерін және мидың өзіндегі аурулар туралы белгілі бір ақпарат қорытындыланады. Дегенмен, ЭЭГ басқа әсерлердің кедергісіне оңай ұшырайтындықтан оны медицинада әдетте басқа әдістермен бірлестіріп қолдану керек.

ЭЭГ көбінесе Қояншық (эпилепсия) ауруына диагноз қоюға пайдаланылады. Өйткені қояншық ЭЭГ жазбасында қалыпсыздығын анық байқатады.<ref>Atlas of EEG & Seizure Semiology. B. Abou-Khalil; Musilus, K.E.; Elsevier, 2006.Үлгі:Page needed</ref> ЭЭГ сондай-ақ ұйқысыздық, Кома (толық естен тану), Энцефалопатия (ми жүйке талшықтары ауруы) секілді ауруларға және ми өлімін (Brain death) анықтауға қолданылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:Electroencephalograph Neurovisor-BMM 40 (close view).jpg
Neurovisor-BMM 40 ЭЭГ компьютері

ЭЭГ кезінде ісікті, инсульт және басқа да өзекті ауруларды анықтаудың бірінші дәрежелі амалы болған. Бірақ бұл жоғары дәлдіктегі анатомиялық елестету технологиясы пайда болған соң саябырси бастады: Магниттік-резонанстық томография (МРТ, MRI) және компьютерлік томография (КТ, CT) қатарлылар. Кеңістіктік дәлдік шекті болса да, ЭЭГ баяғыдай зерттеу мен диагностикада өте маңызды құрал есептеледі. Әсіресе, миллисекундтық шамадағы уақыт дәлдігі керек болғанда, бұл әдісті әле ештеңе баса алмайды (МРТ пен КТ ондай дәлдікті көрсете алмайды).

Бұл технология сондай-ақ когнитивистикада, когноитивті психологияда, психофизиологиялық зерттеулерде кең қолданылады.

Қысқаша тарихы

1875 жылы Ливерпульда практика жасаған физик Ричард Катон (Richard Caton, 1842–1926) өзінің қоян мен маймылдың ми шарында электрлі құбылыс болатыны туралы байқауын Британия медицина журналында (British Medical Journal) жариялады.

1890 жылы Полша физиологі Адольф Бек (Adolf Beck) қоян мен иттің миында табиғи электрлі құбылыс болатынын, туралы зерттеуін жариялады. Зерттеуде бұл электрлі құбылыста жарыққа байланысты ритмді толқу болатыны туралы мазмұн қамтылған. Сөйтіп Бек хайуандардағы мидың электрлі құбылысы туралы эксприментті зерттеуін бастайды. Бек электродтарды мидың сыртқы бетіне орналастырып, сезім әсеріне тест жасайды. Оның мидағы тербеліс қозғалысы туралы бақылаулары ми толқыны болатыны туралы қорытындыға әкелді.

1912 жылы Украина физиологі Владимир Владимирович Правдич-Неминский алғашқы хайуанаттарға жасалған ЭЭГ-ні және сүтқоректілердегі Қозғатылатын әлеует (evoked potential) туралы зерттеуін жариялады (итке) . 1914 жылы Napoleon Cybulski және Jelenska-Macieszyna науқастың миының ЭЭГ жазбасын сызды.

Сурет:1st-eeg.png
1924 жылы Ханс Бергер жазып алған ең алғашқы ЭЭГ жазбасы. Үстіндегі таспа ЭЭГ ні, төмендегісі 10 Hz уақыт сигналы.

1924 жылы неміс физиологі және психиатрі Ханс Бергер (Hans Berger 1873–1941) тұңғыш ЭЭГ жазбасын жасады. Ол Катон және басқаларының хайуанаттарға жасаған тәжірибесін кеңейтіп, "electroencephalogram" деген атау беріп, "клиникалық неврология тарихындағы өте таңғажайып, ұлы және шешуші маңызға ие даму" деп бағаланды. Оның бұл жаңалығының маңызын алғаш рет 1934 жылы Британия ғалымы Edgar Douglas Adrian and B. H. C. Matthews растады және ары қарай дамытты.

Ми толқындары түрлері

Ми толқыны түрі Жиілік Адам бойындағы күйі
Delta(δ) 0.1~3 Hz Түс көрмеген терең ұйқыға шомғанда
Theta(θ) 4~7Hz Ересектер көңіл күйі қысымға ұшырағанда, әсіресе сәтсіздік, үмітсіздік туылғанда
Alpha(α) 8~15Hz Бос, тыныш, көзі жұмулы бірақ ояу болғанда
Beta(β) төмен диапазон (Low Range) 12.5 ~ 16 Hz өзін кең ұстап, бірақ зейіні шоғырланғанда
Орта диапазон (Middle Range) 16.5 ~ 20 Hz ойлау, мәселе шешім ету күйінде
Жоғары диапазон (High Range) 20.5 ~ 28 Hz Тебіреніс, абыржу
Gamma(γ) 25 ~ 100 Hz(әдетте 40Hz) Жоғары сана күйі, бақыт сезімі, қысымнан құтылу, толғану
Lambda(λ) Қозғатылған әлеует (evoked potential) Көз жарық шағылысқанда 100ms кейін қозғатылғанда(P100 )
P300 Қозғатылған әлеует Мида қиялдаған нәрсені көргенде, не естігенде 300ms кейін қозғатылғанда

Дереккөздер

<references/>