Мартин Лютер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мартин Лютер (1483-1546)- неміс ойшылы және қоғам қайраткері, Германиядағы бюргерлік реформалаудың басшысы, немістің протестантизмнің (лютерандық) негізін салушы, жалпы немістік әдеби тілді құрастырушылардың бірі. Лютерге 14 ғасырдағы мистиктердің идеялары жақын; «адамның ішкі жан дүниесінің» құдаймен бірлігі туралы ілімді Лютер «сеніммен ақтау» іліміне аударған: бірлік - сенімі, рухты сақтаудың шарты; игі істер - сақтануға жеткілікті жол емес, тек сенімді көрсетудің жемісі ғана.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1</ref>

Дереккөздер

<references/>