Протестантизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Multiple image Протестантизм (Үлгі:Lang-la — қарсылық, келіспеушілік) — римдік католицизм және Шығыс Ортодоксалдық шіркеу‎мен бірге христиан әлемінің басты бөлімшелерінің бірі болып табылады. Протестанттық Реформация (Еуропадағы XVI ғасырдағы Рим-католик шіркеуінің қарсы қозғалысы) кезінде пайда болған христиан сенімі мен практикасының нысаны болып табылады.<ref name="North Virgina College—Four Sects">Үлгі:Cite web</ref>

Реформация жақтаушыларыныӊ көзқарасы бойынша Рим-католик шіркеуі бастапқы негізгі христиандық принциптерінен кетіп қалып, ортағасырлық схоластикалық діни ілімдері мен әдеп–ғұрыптарын араластырған.

Діни қозғалысыныӊ көсемі Мартин Лютер болған. Оныӊ алғашқы шіркеу саясатына қарсы аттануы 1517 жылы болған. Мартин Лютер шіркеулердіӊ индульгенциялармен саудаласқанын айыптап, шіркеудіӊ есігіне өз көзқарасын анықтайтын 95 тезистан тұратын петициясын шегемен қағып кеткен.

Әлемдегі протестантизм

Қазіргі күні барлық континенттерде 800 миллионнанден астам адам<ref name="pewforum1">Үлгі:Cite web</ref>, немесе дүние жүзі бойынша мәсіхшілердің қырық пайызын құрайтын протестантизм жақтаушылары бар.

Қазақстандағы протестантизм

Қазақстандағы протестантизмнің тарихы ұзақ мерзімдерді қамтиды. Ресейге қосылғаннан соң қазақ жерінде алғашқы әскери қоныстанушылар пайда бола бастады, олардың арасында неміс лютерандар да аз болған жоқ. Кейіннен осы дінге сенуші шенеуніктер, қолөнершілер мен шаруалары қоныстандырыла бастады. XIX ғ. 80-ж. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныстандыру күшейе түсті. Сол кезде лютеран, баптист, меннониттердің аздаған қауымдастықтары пайда болды. XX ғ. столыпиндік реформа қоныстандырудың жаңа толқынын тудырды, бұл өз кезегінде тұрғындардың конфессионалдық құрамын түрлендірді.

Протестантизм өкілдерінің қазақ жеріне жапай қоныстануы XXғ. 30-40 жж. Сталиндік репрессия және күштеп жер аударулармен байланысты болды. Мысалға, осындай жер аударылғандардың құрамында Поволжьенің 360 мың немістері болды.

1950 ж. ортасында жарамсыз халықтар мен конфессияларға қатысты саясаттың әлсіреуімен байланысты, республикада лютеран шіркеуінің, евангелдік христиан-баптисттердің, адвентисттер мен меннониттердің қауымдастықтары құрыла бастайды. Ұзақ уақыттар бойы көптеген қауымдастықтары жасырын түрде қызмет етті. Алғашқы лютеран шіркеуінің қауымы Ақмолада (Астана) 1955 ж. тіркелді.

Билік діни бірлестіктерді тіркеу жұмыстарын баяу жүргізді, алайда олардың саны тез арада өсіп отырды. Кеңес үкіметінің ыдырауына таман Қазақстанда 109 евангелді христиан-баптисттер қауымы тіркелген еді, бұл мұсылман мешіттерінен екі есе көп көрсеткіш. XX ғ. 90-ж. лютерандар, меннониттер көрсеткіші төмендеді, бұл осы діни сенімдерді ұстанатын неміс және өзге де ұлттардың Ресей, Германия секілді тарихи отандарына көшуі себеп болды.

Өзге қауымдардың құрамы түрлі ұлттардан тұрды. Олардың саны протестантизм дәстүрлі діни сенім болып табылмайтын тұрғындардың есебінен көбейді. Қазіргі кезде баптисттердің арасында орыс, украин, белорус, казақтар мен корелер көптеп кездеседі. Осы себепті, дінге сенушілердің басым бөлігін құраған немістердің тарихи отандарына оралуына қарамастан қауым саны өсіп отырды. Мұны статистикадан да көруге болады: егер 1993 ж. 129 баптисттік бірлестік жұмыс істесе, 2002 ж. – 281, 2007 ж. – 290 бірлестік жұмыс істеді.

2011 ж. бас кезінде ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда евангелдік христиан-баптисттердің 362 діни бірлестіктері мен топтары қызмет еткен, соның ішінде 48-і билік органдарында тіркеуден өтпеген.

Пятидесятниктер, пресвитериандар және харизматтар секілді қазақ еліне жат, дәстүрлі емес бағыттардың белсенді түрде көбеюі белең алды. Бұл қауымдардың басым көбі XX ғ. 90-ж. пайда болды.

Олардың көпшілігін шет елдік миссионерлер құрды және өз қызметтері үшін мұндай қауымдар шет елдерден көмек алып отырды. Миссионерлерді өз қызметтеріндегі басты мақсаттары түрлі ұлт өкілдері арасында діни уағыздар жүргізу болып табылады.

Мұндай қызметтердің нәтижесінде 2011 ж. 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша, пятидесятниктер шіркеуі - 97, пресвитериандықтар – 239, харизматтар – 306 жетті. Олардың ішінде аса танымал болып келесілері есептеледі: «Грейс-Благодать», «Еммануил», «Новая жизнь», «Агапе», «Сун Бок Ым», «Церковь Полного Евангелия». Көптеген пятидесятниктік және пресвитериандық шіркеулер Оңтүстік Корея және АҚШ-тан келген миссионерлердің қызметімен құрылды. Олардың пасторлары мен дінге сенушілерінің басым көпшілігін корей диаспорасы құрайды.

Протестанттық діни бірлестіктер шет елдердегі діндестерімен тығыз байланыс орнатып, олардан гуманитарлық көмектер қабылдауда. Олар белсенді түрде түрлі халықаралық конференциялар, фестивалдер, кездесулер ұйымдастырып, жастар және өзге де тұрғындармен жұмыстар атқарады.

«Жаңа Апстолдық шіркеу», «Жетінші күн адвентисттері» «Иегова куәгерлері» жән мормондар («Иса Мәсіх және соңғы күн әулиелері шіркеуі») секілді діни бірлестіктер ерекше орында.

Олар протестанттық қозғалыстардың тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды, алайда өз діни ілімдерінде арнайы өзгешеліктерге ие. Православие мен католицизм тұрғысынан олардың ілімдері сектанттық болып табылады. Мұндай шіркеу өкілдерінің көбі өздерінің протестанттық тармақ екендігін мойындамайды, ал енді бір бөлігі өздерін протестанттар деп есептемейді.

Осылайша, Қазақстандағы протестантизм тарихы ғасырларға кететін конфессиялар (лютерандар, меннониттер, баптисттер және т.б.) мен жаңадан пайда болған дәстүрлі емес ағымдардан (пятидесятниктер, пресвитеряндар, харизматтар) құралған.

Еліміздегі протестанттық бірлестіктердің жалпы саны 1200 ден асады. Олардың басым бөлігі ірі қалаларда, соның ішінде еліміздің солтүстігі мен орталықтарында көп тараған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер