Магнетит және кобальт-магнетит кенорындары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Магнетит және кобальт-магнетит кенорындары кенорындары шагын тереңдіктердегі қышқылдау гранитоидтармен және сиениттермен байланысты. Кен денелері карбонат, кейде силикат таужыныстарда (эффузив, интрузив, туф пен тақтатастар арасында) орналасады. Денелердің пішіні - қабаттар, шток тәрізді және бұрыс бұтақталған. Жатындар ұзындығы бірнеше километрге созылып, қалыңдығы бірнеше метр болады. Басты кен минералдар магнетит, гематит, пирит, кобальтин, пирротин болса, бейкендері-пироксен мен анартас. Мұндай кенорындар бар жерлер: Қазақстан (Соколов-Сарыбай, Қашар, т.б.), Орал (Высокогорное, Гороблагодать), Закавказье (Дашкесан), Батыc Сібір (Таштагол, Абакан, Шерегеш), сондай-ақ ірі кенорындар Болгария (Италияда, ҚХР, Жапония мен АҚШ-та бар.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}