Кобальтин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кобальтин, кобальт жылтыры – сульфидтер класының минералы. Химялық формуласы CоAsS. Құрамындағы Со мөлшері 26 – 34%. Кубтық сингонияда кристалданады. Кристалдары октаэдр, куб пішінді, ал агрегаттары түйірлі, сеппелі, желілі масса түрінде кездеседі. Түсі ақшыл, қалайы түсті, кейде қызғылт реңді, металдай жылтыр. Қаттылығы 5,5; меншікті салмағы 6,2 г/см3; морт сынғыш. Кобальтин жапсарлық-метасоматиктік және пирротин, пирит, арсенопирит, халькопирит, сфалерит, тағы басқа сульфидтермен бірге гидротермальдық алтынды-кварцты және күмісті-арсенопиритті кен желілерінде шоғырланады. Кобальтин – кобальт кентасы.

Кобальтпентландит

Mинерал, құрамында 49%-ға дейін кобальты бар пентландиттің түрі.

Кобальттық жылтырақ -минерал, кобальтиннің синонимі.
Кобальтты-күшәнды колчедан — минерал, глаукодоттың синонимі.
Кобальтты-никельдi колчедан — минерал, зигениттің синонимі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Geology-stub