Пирит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пирит (Үлгі:Lang-el — отты тас) — Ашық сары түсті, көбінесе текше кристалдар түрінде ұшырасатын минерал — темір сульфиді. Табиғатта ең жиі кездесетін сульфид болып табылады. Синонимі — күкіртті колчедан; темір колчеданы.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.</ref>

Химиялықформуласы: FeS2 (Fe — 46,6%, S — 53,4%). Минералдың құрамына қоспа түрінде Cu, Au, As, Te, Se, т.б. кіреді. Кубтық сингонияда кристалданып, куб, октаэдр, куб-октаэдр, т.б. кристалдар түзеді. Түсі қоладай сары, жылтырлығы металл типтес, сызығы қара көк, жымдастығы нашар жетілген; қаттылығы 6 — 6,5, тығыздығы 5 г/см3, морт. Пирит — жер қыртысында ең көп таралған минералдардың бірі, жаратылысы эндогенді, экзогенді, метаморфты; электр тогын нашар өткізеді. Магмалық жыныстарда, скарндарда, гидротермалық желілерде халькопирит, ал колчедандық және полиметалл кендерінде галенит, сфалерит, арсенопирит, солғын кентастармен бірге шоғырланады. Пирит күкірт қышқылын (H2SO4) алуда қолданылады. Қазақстанда Бозшакөл, Ешкіөлмес, Жайрем, Зырянов, Іоңырат, Ырғыз, т.б. кен орындарында кездеседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Пирит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}