Лақтыбай мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Лақтыбай мұнай кен орны - Каспий маңы ойпатының шығысы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында орналасқан. Кен орны 1988 жыл жылы ашылған, барлану үстінде.

Геологиясы мен сипаты

  • Лақтыбай көтерілімі КТ-II тас көмір қатқабатының карбонатты кемерінің жиегі мен беткейі аумағында орналасқан. Көтерілім оңтүстік жағынан терригендік ортаңғы визе шөгінділерінің қатқабатында байқалатын ендік бағыттағы жарылымдармен шектелген және өлшемдері 3,5х2,2 км, амплитудасы 300 м болатын 3900 м-лік изогипспен шектелген дөңді (төбені) құрайды.
  • Іздестіру ұңғымаларының деректері бойынша кеннің геологиялық құрылымын қалыптастыруға палеоген, [[[Бор кезеңі|бор]], триас, жоғарғы пермь, кунгур жыныстары қатысқан. Қиманың тұзасты бөлігі үш литологиялық-стратиграфиялық шөгінділерден құралған. Терригендік қимада 7 өнімді қабат бөлінген.
  • Негізгі блок шегіндегі мұнайлы қабаттың қалыңдығы 0,8-9,4 м, коллекторлардың ашық кеуектілігі 13,1-17,2%, мұнайға қаныққандығы 42,5-62,4%.
  • Тәулігіне 1,6-27 м2 мұнай шығады.

Құрамы

  • Мұнайдың тығыздығы 820-849 кг/м2.
  • Күкірті аз.
  • Парафин мөлшері 1,32-4,9%. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер