Королев мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Королев мұнай кен орны - Атырау облысы Жылыой ауданында, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Кен орнының құрылымы 19601975 жылдары аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстардың нәтижесінде анықталған.

Геологиялық құрылымы, қанығу сипаты

Өнімді қабаттар тұзүсті және тұзасты кешендерден табылған. Кен шоғырлары қабат, дөңес пішінді, тектоникалық құрылымға сәйкес орналасқан. Қимасы терригендік тау жыныстарынан құралған, коллекторы кеуекті. Ашық кеуектегі 26%, мұнайға қаныққан қабаттың қалыңдығы 8,4 м.

Тығыздығы, құрамы

Мұнайы ауыр, тығыздығы 0,965 г/см3, күкірті 2%, парафині аз (0,52%). Палеозойдың мұнайлы қабаттары төменгі пермь кезеңінің арт ярусының карбонатты түзілімдерімен байланысты. Тереңдігі 3952 м. Өнімді қабаттар әктастан құралған. Коллекторы карбонатты кеуекті, ашық кеуектігі 7,8%. Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,797 – 0,8 г/см3. Мұнайда еріген газ майлы, этан-пропанды, метан 43,36%, ауыр көмірсутектер 21%. Кен орны барлануда. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Королев мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}