Корей тілі
Корей тілі (Үлгі:Lang-ko хангуко/чосонмаль) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таралған.Солтүстік Кореяда "чосонмаль" (조선말) немесе "чосоно"(조선어), ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" (한국말/한국어) немесе "куго" (국어, мемлекеттік тіл) деген атаулары қолданылады.
Тіл шоғыры
Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері (түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чечжудо (аралдың атымен аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде қалыптасқан.
Грамматикасы
Корей тілінде 40 фонема бар. Екі дауыссыз қатар келмейді. Дауыстылар үндестігі басым. Сөз табы 5 топқа бөлінеді. Етістіктің жақтық, сандық және род категориялары жоқ. КХДР-де корей жазуы, Корея Республикасында аралас қытай-корей жазуы қолданылып жүр.
Дереккөздер
<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том