Барабан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Барабан — 1) архитектурада— ғимарат күмбезін көрнекі әрі әсерлі көрсету үшін салынатын күмбезасты қабырға. Барабаннан ғимарат ішіне жарық түсіретін ойықтар қалдырылады. Ғибадат орындары мен ескерткіш құрылыстарында кең қолданылған. Орта Азиядағы алғашқы мұсылман кесенелерінде (Саманилер кесенесі, Араб ата, т.б.) Барабан болмағанмен, кейінірек ол Қазақстан, Орта Азия архитектурасында кең тарады. Барабан көбіне дөңгелек әрі көп қырлы, кейде жұлдыз түрінде де кездеседі (Бабажы қатын кесенесі, 10 — 11 ғасырлар; Жошы хан кесенесі, 13 — 14 ғасырлар). Қазақстанның сәулет ескерткіштеріндегі Барабанның христиан архитектурасынан айырмашылығы — оның диаметрі құрылыстың негізімен бірдей не одан үлкен болатындығы. Архитектуралық элемент ретінде Барабан жергілікті дәстүрге сай әр түрлі қалақшалар (Батыс Қазақстанға тән), тегіс цилиндр немесе сегізқырлы (Орталық және Оңтүстік Қазақстанға тән) пішінінде болады. Созақ өңіріндегі кесенелер күмбезасты Барабандарының өте биіктігімен ерекшеленеді. Қазақ кесенелерінде Барабан көп жағдайда күмбезге ұласып кетеді; 2) техникада — машиналардың қуыс цилиндр, кейде конус пішінді айналмалы бөлшектерінің жалпы атауы. Қуыс шошақ, цилиндр немесе түбі бар көп қырлы дене тәріздес тетік.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>“Барабанды” деп есептелетін көптеген машиналарда заттарға салыстырмалы қозғалыс беретін Барабан түрлері көп. Мысалы, құйманы тазартатын, сусымалы заттарды және боялған маталарды кептіретін, т.б. көтергіш-тасымалдық машиналарда жүкті көтеруге не жылжытуға да Барабан қолданылады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Барабан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}