Керімбай датқа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Керімбай датқа 1844-46 жылдар шамасында туған, өлген жылы беймәлім. Билік кұрған елі, мекен-жайы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас пен Сайрам ауданының Қайнар бұлақ, Шақпақ, Састөбе ауылдары. Шыққан тегі - ұлы жүздің Дулат тайпасы, оның ішінде сыйқым, оның шуылдақ тармағынан.

Керімбай датқаның бұл ғұмырнамасына тағы бір қосымша дерек бар. Оны КСРО Журналистер одағының мүшесі "Жалын" баспасы директорының бұрынғы орынбасары байырғы журналист,дербес зейнеткер Керімбай Боранбаев бізге былай айтып берген-ді:

- Мен туғанда - дейді ол - атақты Керімбай би Ташкентке кетіп бара жатып біздің үйге түсіпті. Әкем байғұс қалбалақтап, тағы бір қойын сойып, биді күтіп алыпты. Керімбай би шілдехананы өзі басқарыпты. Таң бозарып атқанша ол шешендік дана сөздер, жыр-толғаулар айтып жиналған жұртты дән риза етіпті. Жөргекте жатқан маран ат қояр кезде көпшілік ортасынан біреу тұрып:
- Нәрестенің аты өзінің Рысбай, Рыстанбек, Айнабек аталарына ұйқастырып қояйык, - депті.

Сонда әкем Боранбай:

- "Құтты конақ келсе, қой егіз табады", - деген - Құдай айдап еліміздің атақты биі Керекең шілдехана үстінен түсті. Би ағамыздың құрметіне баламның атын Керімбай қойсаңдар - деймін. Осы балам Керекеңдей ел басы көсем, шешен болар ма екен, кәне аумин деңдер? - деп қолын жайыпты. Көпшілік сөйтіп әкемнің өтінішін қолдап, менің атымды "Керімбай" қойыпты. Бұл 1926 - барыс жылы екен. Ол кезде Керімбай бидің жасы 80-нен асқан шағы болса керек. Демек, сонда Керімбай датқаның туған жылы 1844- 1846 жылдар шамасында боп шығады.

Қариялардың айтуына қарағанда Керімбай бидің кезінде айтан билік шешендік сөздері, мақал, нақыл термелері, өзінің замандастары Сапақ, Қасымбек, Көлбай, Досбай, Шойбек, т.б. би шешен, датқалармен кеңестері, сөз сайыстары аз болмағанға ұқсайды. Бірак, олардың көбісі хатқа түспеген, ел жадында сақталғандары да бүгінде ұмытыла бастаған.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Керімбай датқа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}