Кенорындардың кен-геологиялық жағдайлары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлантау вермикулит кенорны - Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Шақпақбаба ауылынан солтүстік-батысңа карай 3 км жерде, Көкбұлаң аймақтық жарылымы бойында орналасқан. Кенорын ортаңғы-жоғарғы кембрий өктастарынан тұрады, олар солтүстік-шығысқа қарай күлди еңістене орналасңан. Әктастарды екі сілтілі интрузия жарып кірген, солардың бірі - шток тәрізді құлан интрузиясымен құлантау вермикулит кенорны генетикалық байланыста. калийлі метасоматоз нәтижесінде сілтілі габброидтардың көп бөлігі биотитке өзгерген. Мору қыртысының тұзілуі барысында гидратация салдарынан биотит гидробиотит пен вермикулитке алмасқан. Вермикулитті мору қыртысы дамыған бөлікше құлантау үстіндегі тегіс үстірт алаң түрінде шығысқа қарай еңістеу (5-100) орналасқан. Кенді бөлікше ендік бағытта 500-600 м созылған, ені 400 м. Оны қалыңдығы 3-5 м қазіргі тұзілімдер тысы жауып жатыр. Бүрғылау ұңғымаларының деректері бойынша кен денесінің қалыңдығы 15-40 м, орташа мәні 20 м. Кендегі вермикулиттің мөлшері 35%-ға дейін, кенорын бойынша орташа мөлшері 12,6%. Қатты қыздырғанда вермикулит күм-пиіп ісінеді, күмпию коэффициенті - 4,8-11, орташа мөні - 6. ісінген вермикулиттің көлемдік салмағы 75-200 кг/м3, орташа алғанда 135 кг/м3. ірілігі бойынша ісінген вермикулит +0,15-5,0 мм фракцияларына сәйкес келеді. Вермикулиттің жылу өткізгіштігі 0,04-0,06 ккал/м.сағ.град aуқымында, толың деформацияланғыштығы 21-25%, шартты серпімділігі 1-3%, түйірлерінің моруттың көрсеткіші 2-6% . Құлантау вермикулиті құрылыс материалы ауыл шаруашылығында топырақ жақсартңышы ретінде пайдалануға жарамды. Көлемдік салмагы 200 кг/м3 вермикулиттің В+С1 категориялары бойынша есептелген қоры 168 мың тонна, ол 1,0-1,2 млн. м3 күмпиген вермикулитке эквивалентті. құлантау вермикулит кенорны игеруге тиімді экономикалық жағдайда орналасқан.<ref>Пайдалы қазбалар. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 440 б. ISBN 9965-35-411-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}