Құлантау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлантау - Үлкен Қаратаудың Шақпақ белі арқылы Алатаудың Жабағылы сілемімен жалғасып жатқан Боралдай тауының солтүстік бөлігі. Құлантаудың бөктерінен жанға жайлы сулы көптеген бұлақтармен қатар Құлан өзені бастау алады. Құлантаудың батыс бөктерінен Әулиесайдан Ұзынбұлақ аталатын бұлақ ағып шығады.

Әулиесай - үйсін дүниеге келген жер болғандықтан киелі, әулиелі саналады деген болжам айтылады. Үйсіннің тарихына байланысты:

"Ұзынбұлақ - Үйсін қонысы,

Малға майдан Қаратаудың сонысы", - деген өлең сөздері бұған айғақ болса керек.

Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында "Құлантау" аталатын кинотеатр бар.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Бастама