Кекіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Defensive Regurgitation.png
Балапанның кекіруі

Кекіру - ауаның іштен ауыз арқылы кенет сыртқа шығуы.

Кекіру туралы

Кекіру қарын мен ұлтабардың жалғасатын жері түйіліп, оған қоса қарын, құрсақ, бауыр еттерінің рефлекторлы жиырылуынан пайда болады. Сау адам өте сирек кекіреді. Жиі қайталанып тұратын кекіру қарын гастриті, ішек-қарын ойық жарасы ауруларының, сондай-ақ, бауыр ауруларының белгісі. Кейде кекіргенде ауаға қосыла ішкен тамақ та шығады (әсіресе сәбиге тамақты көп бергенде). Кекіруден шыққан ауаға кейде асқазан қышқылы қосылып, оның дәмі ащы болуы да мүмкін. Иісі жағымсыз кекіру іштегі тамақтың шіри бастауының белгісі. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>