Ұлтабар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ұлтабар— күйіс қайыратын малдардың қарнының бір бөлігі. Ол құрылысы мен қызметі жағынан күйіс қайырмайтын малдың қарнына ұқсас. Ұлтабардың кілегей қабығы құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөл түзетін арнаулы клетчаткалар болады. Сондықтан қарынның бұл бөлігінде жын (малдың қарнындағы көп ұнтақталынбаған, шала қорытылған қойыртпақ зат) негізінен химикалық өңдеуден өтеді. Ұлтабар сөлі күрделі мукопротеид түрінде түзіледі. Ол сиаломуциндер мен гиалуронды қышқылдан, амин, карбоксил, сульфогидрилді және дисульфидті белок топтарынан құралған. Сөлдің әсерінен мұнда инфузориялар мен бактериялар тіршілігі тоқтап, олар ери бастайды. Сөлдің құрамында белоктарды ыдырататын пепсин ферменті болады. Оның құрамы рацион түріне қарай өзгере бермейді. Себебі, Ұлтабарға түсетін жын алдын ала өңдеуден өтіп, оның құрамы айтарлықтай тұрақты болады. Малды азықтандырудың қалыпты жағдайында Ұлтабар сөлі тоқтаусыз бөлінеді. Аш малда сөл бөлу процесі күрт төмендеп, сөлдің қышқылдылығы жоғарылайды. Тәулігіне ірі қара 50 — 60 л, қой 5 л Ұлтабар сөлін бөледі. Азықтандыру үстінде сөл бөлу күшейеді. Сөл бөлу қарқынына және оның қышқылдылығына малдың физиологиялық күйі де әсер етеді. Мыс., саулық қойларда төлдеуден бір ай бұрын Ұлтабар сөлінің қышқылдығы төмендеп, төлдегеннен кейін едәуір жоғарылайды. Буаз кезінде және емізу кезеңдерінде сөл бөлу күшейеді. Ұлтабар сөлінің бөліну қарқыны мес қарындағы бактер. ферменттелудің жылдамдығына да байланысты.

Ұлтабар (сычуг); (лат. abomasum) — күйісті жануарлардың көп бөлімді қарнының соңғы безді бөлімі. Ұлтабардың кілегейлі қабығында безді қарын қабырғасына тән: кардиальды, фундальды және пилорустық бездер аймақтары болады. Оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Кілегейлі қабығын бірқабатты призма тәрізді көбелі эпителий астарлайды. Ұлтабарда ас (жын) ұлтабар сөлінің құрамындағы ферменттердің көмегімен химиялық жолмен қорытылады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы”, 9 том. <references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ұлтабар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

na:Kazakhstan za:Hahsahkwswhdanj