Каменское газ-конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каменское газ-конденсат кен орны - Каспий маңы ойпатының солтүстігіндегі кен орны. 1986 жылы ашылған.

Географиялық орны

Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласының батысында 75 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы

Кен орны төменгі қазан жікқабаты бөлігінің калинов свитасының карбонатты таужыныстарындағы тұзаралық қатқабаттан (156-180 м) орын алған. Өнімділік ендікке жуық лықсыма арқылы шығыс және батыс бөліктерге бөлінген орталық блоктың аумағында анықталған. Шығыс бөлігінде қатқабат амплитудасы 800 м-дей, дөңі -2300 м-де білінген антиклин қатпар түзеді. Қатпардың переклині өзінің батыс бөлігінде жарылым арқылы толықтай тілінген, ал шығыс бөлігінде ішінара ғана бөлінген. Батыс бөлікте қатқабат солтүстік шығыстан оңтүстік-батысқа қарай -2800 м-лік белгіден -3800 м-лік белгіге дейін моноклин түрде құлдилайды. Газ кенорнының құрамында шағын мөлшерде конденсат бар.

Жатыс сипаты

Жатындары қойнауқаттық күмбезді және қойнауқаттық, тектоникалық тұрғыдан қалқаланған. Жатынның ең биік нүктесі 2662 м тереңдікте. Өнімділіктің төменгі шегі -3050 м-лік белгі сынамалау арқылы дәлелденген. Газ-су жапсары -3100 м-лік белгіде. Жатынның анықталған биіктігі 530 м-ге тең. Өнімді шөгінділер төменгі бөлікте сазды, құмды-сазды, жарықшақты, әктасты таужыныстардан құралған, ал жоғарғы бөлігінде (қиманың 80%) әктастар мен доломиттерден тұрады. Қазан жікқабатының тұзды қатқабаты жапқыш рөлін атқарады. Бұрғыланған ұңғымалар бойынша қатқабаттағы жинауыштар үлесі 5%-75%-ға дейін ауытқиды. Кеуекті, кеуекті-жарықшақты типтердегі жинауыштар көбінесе доломиттермен байланысты.

Тығыздығы, құрамы

Кеуектілік мелшері 5,7—12,6%, өтімділігі 156 мкм2. -2700 м-лік деңгей үшін бастапқы қойнауқаттық қысым 45,4 МПа-га, температура 78°С-қа тең. Газдың бастапқы шығымдары 6,4-1280 мың м3/тәулікке дейінгі шаманы құрады. Газдағы конденсаттың орташа мөлшері 40 г/м3, тығыздығы 760-790 кг/м3. Қойнауқаттық газ 87% метаннан, 1,2% этаннан, 0,6-0,8% пропаннан, 19-0,28% бутаннан, 0,93-1,63% күкіртсутегіден, 4,4-5,7% көмірсутегі диоксидінен, 2,3-5,2% азоттан (мол.%) тұрады. Кенорын игерілуде. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Каменское газ-конденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}