Карбонатты таужыныс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Карбонатты тау жынысы - кальций, магний, темір карбонаттарынан тұратын тау жынысытар. Шөгінді карбонатты тау жынысы тар (әктас, доломит, әксаз, бор), метаморфогенді карбонатты тау жынысытар (мәрмәр) және магматогенді карбонатты тау жынысытар (карбонатит) болып сараланады. Құрамының жартысынан карбонатты минералдардан тұратын иегінді тау жынысытар. Карбонатты тау жынысы іиегінді құрамында молынан таралған (орта есеппен оның құрамының 20-25 пайызы),олар әдетте әктастар (негізінен кальцит минералынан тұратын Карбонатты тау жынысы), доломиттер негізінен доломит минералынан тұратын Карбонатты тау жынысы) және осы екі тау жынысытардың әр түрлі қатынастағы қосындылары (доломитті әктастар, әкті доломиттер) түрінде ұшырасады. Карбонатты тау жынысытардың өзге түрлері (сидериттер, магнезиттер, анкериттер) сирек кездеседі. Өзінің жаралу тегі жағынан Карбонатты тау жынысы хемогендік, органогендік және сынықты тау жынысы болуы ықтимал. Әктас — доломит тізбегіне қарасты Карбонатты тау жынысы жарықшақты жинауыштар рөлін атқаруы өте жиі байқалатын құбылыс. <ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub