Ислам ағымдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ислам

Пайғамбардың өлімінен кейін хадистерде айтылғандай мұсылман үмметі көптеген тармақтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Олардың пайда болуына билік үшін күрес (шииттер мен харижилер), грек философиясының әсері (мутазилалалар, қадарилер, джәбрилер, джәһмилер), жалған пайғамбарлар (қадиянилер) және т.б. себеп болды. Кейбір ағымдар Ислам дінінің негізі саналатын сенімдерден ауытқып, басқа мұсылмандармен мұсылман саналмайды (исмаилиялар, друздар, әләуилер). Кейбір ағымдардың Исламнан алыстағаны соншалықты, олар жеке, Исламнан бөлек дінге айналып кетті (баһаилар).

Мұхаммед пайғамбар Үлгі:Сас айтқан: Үлгі:Quotation Тағы да: Үлгі:Quotation

Әһлі-Сүннет (сүнниттер)

Үлгі:Main Әлем бойынша өздерін мұсылман санайтын адамдардың басым көпшілігі (90%-ға жуық) өздерін Әһлі-Сүннетке (Әһл әс-сунна — сүннетті ұстанушылар) жатқызады. Сүннетті ұстанушылар Мысыр, Сауд Арабиясы, Сирия, БАӘ, Қатар, Түркия, Алжир, Ливия, Марокко, Мавритания, Судан, Сомали, Палестина, Иордания, Пәкістан, Ауғанстан, Малайзия, Индонезия, Бангладеш, Орта Азия елдерінде, Татарстан, Башқұртстан, Солтүстік Кавказ елдерінде мұсылмандардың көпшілігін құрайды. Иракта, Әзірбайжанда, Ливанда, Бахрейнде мұсылмандардың айтарлықтай бөлігі сүнниттер.

Сүнниттердің мазһабтары

Үлгі:Main Әһл әс-Суннаның негізгі құқықтық мектептері ретінде келесі төрт мазһабты атайды:

Сонымен қатар мұсылман арасында басқа да құқықтық мектептер бар, бірақ олар негізгі төрт мазһабқа қарағанда аз таралған:

Сәләфилер

Үлгі:Main Сәләфия (Үлгі:Lang-ar) — Ислам дінінің негізі боп табылатын Құран мен Сүннетті "әс-сәләф әс-салих" (Үлгі:Lang-ar‎), яғни Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас сахабалары, олардың ізбасарлары мен Ислам үмметінің имамдары қалай түсінсе солай түсіну дегенді білдіреді. Әр ғасырда өмір сүрген мұсылман ғалымдарын біріктірген көзқарастар жүйесі. Ал қазіргі өздерін сәләфиміз деп жариялап жүрген мұсылмандар тарихта жаңадан пайда болған ағым саналады. Ол 18 ғасырда Мұхаммед ибн Абд ал-Уаххабтың артынан ерушілердің бастамасымен жайыла бастаған. Алғашқы 3 ғасырдағы сәләфтармен ешқандай ортақ көзқарасы жоқ. Ахли Сунна ғұламаларының ұстанымдарын теріске шығарады, бірақ оларды адасқан деп айтпайды. Исламға көркем мінезділікпен емес, күшпен, дәлелдермен шақырады. Өз тобынан болмағандарды моральдық тұрғыдан өз араларынан қудалайды. Сәләфия қозғалысының ең атақты өкілдері Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа, Ибн әл-Қаийм әл-Джәузия, хафиз Ибн Кәсир, хафиз әз-Зәһәби, Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб және т.б. ғалымдар Ислам тарихы мен мәдениетінде айтарлықтай із қалдырды. «Сәләф» (араб.: سَلَفٌ‎) сөзі тілдік жағынан Ибн Манзур айтқандай: «алдыңғы өткен халық» деген мағына береді<ref>Сәләфия — Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет</ref>.

Сопылар

Сурет:Dhikr Rifa-iyya.jpg
Рифаи тариқатының зікірі

Үлгі:Main Тасаууф-сопылық (Үлгі:Lang-ar) — Басралық Абдуль-Уахид ибн Зәйд бастау салған ілім. Бастапқыда нәпсіні тазалау, дүниеден безу мақсатында құрылған, сенімдері Құран мен Сүннетке сай келген бірлестік болғанымен, артынан сопылар көптеген мәселелерде шектен шығып, Әһлі-Сүннеттен бөлек ағымға айналып кетті. Сопылардың көзқарастарының ішінде Үнді философтарының «уахдәт әл-уджуд» сенімі (яғни Аллаһ пен жаратылыстардың арасында шек жоқ, барлығы Аллаһтың ішінде араласқан деген пікір), тақуалар мен әулиелерге табыну, олардан дұға-тілек тілеу, шариғатты екіге бөлу және оның «тылсым» бөлігін тек белгілі бір топ ұстанады деп сену; Аллаһқа деген құлшылықты тозақтан қорқу мен жәннәтты үміт етуге емес, тек қана Оған болған махаббатқа негіздеу және т.б. пікірлер мен көзқарастар<ref>التصوّف — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ашғарилар мен матуридилер

Матуридия

Үлгі:Main Матуридия (Үлгі:Lang-ar) — Әбу Мансур Мұхаммед әл-Матуриди негізін қалаған ағым. Матуридилер өздерінің сенімдерін Имам Әбу Ханифаның сенімдері санап, өздерін Әбу Ханифаға еретіндер санайды. Ханафи мазһабынын ұстанатын мұсылмандардың көп бөлігі әл-Матуридидің ізбасарлары боп табылады. Матуриди сенімі Ашғари сеніміне ұқсас болғандықтан, бұл "Ақида" мектептерін көбінесе бірге атайды.

Ашғария

Үлгі:Main Ашғария (Үлгі:Lang-ar) —Әбул-Хасан әл-Ашғари негізін қалаған "Кәләм" мектебі. Бастапқыда мутазила жолын ұстанған ол, артынан бұл пікірлерден бас тартады. Ашғари кәләмы Құран мен Сүннетте келген Аллаһтың «келу, түсу, разы болу, көтерілу» және т.б. сипаттарын сахабалар, яғни алдыңғы 3 ғасыр адамдары қалай түсінсе кейінгілерге солай түсіндірген. Ислам дінінің аясының кеңеюіне байланысты Вавилон, Византия, Иран, Үндістан, Қытай пәлсапа мектептері Ислам мемлекетіне кіре бастаған. Сол кездегі жат көзқарастар мен Исламда жаңадан пайда болған ағымдарға қарсы алғашқы 3 ғасырдағы сәләф солихтардың көзқарасын логикалық, кәләм тұрғысынан түсіндіріп, Исламның негізгі қағидалары мен сенімін қызғыштай қорғап қалған. Ашғария мектебі мен Матуриди мектептері әуелгі 3 ғасырдың ұстанымдарын жат ағымдардан қорғап, шәкірттері арқылы біздің заманға жеткен ең үлкен "Ақида" мектептері.

Мутазилалар

Үлгі:Main Мутазила (Үлгі:Lang-ar)— Басралық Уәсыл ибн Ато негізін қалаған ағым. Бұл адам иман мәселесіндегі таластан кейін әл-Хасан әл-Басридің мәжілісінен шығып кеткен. Мутазилиттер адамның ақылын нақылдан (яғни Құран мен Сүннеттен) артық қойып, көзқарастары сол ақылға негізелген. Мутазилиттер хауариждерге күнә жасаған мұсылман мәселесінде ұқсап, ондай адамды мұсылман санамайды, тозақта мәңгі азапталады деп есептейді. Мутазила ағымы батапқыда бір сенімде негізделгенмен, соңынан көптеген мазһабтарға бөлініп кетті. Бір кездері халифаттағы билікті басып алған олар көп ұзамай бұл мансабынан айырылып, біртіндеп жойылып кетті. Бірақ қазіргі күнге дейін Ислам әлемінде кейбір адамдар мутазилалардың пікірлерін ұстанады<ref>معتزلة — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Харижилер

Үлгі:Main ХарижилікСахабалардың заманында пайда болған Исламның ең ерте ағымдарының бірі. Бастапқыда хауариждердің белгілі сенім жүйесі болмай, тек билікке және әмірлерге өзгеше көзқарасы болған саяси топ болды. Харижилердің Әһлі-Сүннеттен ең үлкен айырмашылығы — олардың жолына қайшы келетін билік басындағы әмірге қарсы шығуға рұқсат берді. Және осы топтың атауы да осыған байланысты (Үлгі:Lang-ar «хурудж» — «қарсы шығу»). Олар үлкен күнә жасаған мұсылмандарды діннен шығарып, екі халифты (Осман ибн Аффан мен Әли ибн Әбу Талиб) мойындамайды. Олар зина жасаған адамды таспен соғу жазасын мойындамай, әйел адамның етеккір кезіндегі намаздарының орнын толтыру керек деп санайды<ref>خوارج — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ибадилер

Үлгі:Main Ибадилер (Үлгі:Lang-ar) — харижилердің орташа көзқарасты фракциясы саналатын сүнниттер мен шииттерге ұқсамайтын ағым. Һижри VII-ші ғасырда пайда болып, негізін қалаған Абдуллаһ ибн Ибадтың есімімен аталған. Халифаттың билігіне қарсы шығып, өздерінің имаматтарын құрған (мыс.: Солтүстік Африкадағы Тахертте). Оман мемлекетінің көп бөлігі ибадилер. Алжир, Тунис, Ливия елдерінде, Занзибар аралында қауымары бар<ref name="shia">«Общее исследование основ, на которых зиждется религия шиитов-имамитов» — Мухибб ад-Дин аль-ХатыбҮлгі:Ref-ru</ref>.

Құраншылар

Үлгі:Main Құраншылар (құраниттер) — Сүннетті мойындамай, тек қана Құранға еретін топ. Олар Сүннетте қателер бар, кей жерде Құранға «қайшы келеді» деп, Сүннетке еруді парыз санамайды, оны ойдан шығарылған санайды. Мұсылман ғалымдары бұл пікірлерді адасу санап, Сүннетсіз намаз, ораза, зекет секілді құлшылықтар мен басқа да үкімдерді реттеу мүмкін еместігін айтады<ref>الرد على بعض الشبهات التي يثيرها القرآنيو — islamweb.comҮлгі:Ref-ar</ref>. Аллаһ Құранда айтқан: Үлгі:Quotation

Шиғалар (шииттер)

Үлгі:Main

Сурет:Meshed ali usnavy (PD).jpg
Нәджәф қаласындағы шииттер қасиетті санайтын Әли ибн Әбу Талибтің кесенесі

Шиға (Үлгі:Lang-ar — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың Үлгі:Сас өлімінен кейін пайда болған ағым. Шиғалар Әли ибн Әбу Талибті Пайғамбардан кейінгі билікке ең лайықты адам санап, алғашқы халифтер болған Әбу Бәкір мен Омарды зұлымдық жасады деп айыптайды. Олардың көзқарасы бойынша Әли және оның ұрпағы қателерден сақталған, олардың сөздері шариғат саналады. Олар көптеген сахабаларды Мұхаммед пайғамбардан кейін Ислам дінінен қайтқан кәпір санап, сондықтан Сүннеттен жеткен хадистерді мойындамайды. Осыған қоса олар Құран Кәрім өзгертілген санайды, оның дұрыс нұсқасы Әлиде болды деп ойлайды. Шиғалардың сенімі бойынша «нағыз» Құранды Мәһди алып келеді. Шииттердің кейбіреулері Айша ананы Әлиге қарсы шыққаны үшін балағаттап, зина жасады деп айыптайды, оны тозақтық санап, қайтыс болған күнін тойлайды.

Шиитер билікке тек Әлидің ұрпағы лайықты деп, басқа әмірлер мен халифтардың билігін заңды деп санамайды. Олардың ойынша Әлидің ұрпағынан 12 имам шығып, оның он екіншісі қазір «ғайыпта». Осыған байланысты оларды «әл-Исна Ашария» (он екіліктер) атайды. Бұл соңғы имам Ақырет алдында Мәһди болып қайтып келеді дейді. Олардың сенімі бойынша бұл имамдар ғайыпты біліп, «тылсым» дүниелерден хабары бар. Алтыншы имам саналатын Джафар әс-Садиқтан кейінгі имамды таңдауда таласқан шииттер екіге бөлініп, Исмаилды қолдағандар өзіндік сенімдері бар исмаилия ағымына айналып кетеді. Олардың имамдары жәй діни көсем емес, Аллаһтан аян алатын, жаратылыстар мен Аллаһтың арасын жалғастыратын, дұғалар мен тілектерге жауап беретін Аллаһтың орынбасарлары. Оларды сүю — иман, оларды мойындамау — үлкен күпір<ref name="shia"/><ref name="shia1">Вероубеждения шиитов имамитов — Шейх Мамдух ибн Әли әл-ХарбиҮлгі:Ref-ru</ref>.

Әһлі-Сүннет сеніміне қайшы келетін шииттердің тағы бір амалдары — тақийа. «Тақийа» деп шииттердің өздерінің шын көзқарастары мен сенімін жасырып, өздері жау санайтындарға өтірік айту тәжірибесі. Әһлі-Сүннет ғалымдары тақийаны өтірік пен екіжүзділік болғасын харам санайды.

Он екі имам

Үлгі:Main

Сурет:Imam reza shrine in Mashhad.jpg
Иранның Мешһед қаласындағы шиитердің имамы Әли «Ризаның» кесенесі. Әлемдегі үлкендігі бойынша Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мединедегі Пайғамбар мешітінен кейінгі орынды иеленеді

Әл-Исна Ашария шииттерінің он екі имамы<ref name="shia1"/>:

  1. Әли ибн Әбу Талиб, шииттер оны «Мұртаза» атайды;
  2. Хасан ибн Әли ибн Әбу Талиб; шииттер оны «Муджтаба» атайды;
  3. Хусәйн ибн Әли ибн ӘБу Талиб; шииттер оны «Шәһид» атайды;
  4. Әли ибн әл-Хусәйн ибн Әли; шииттер оны «Зәйн әл-абидин» атайды;
  5. Мұхаммед ибн Әли ибн әл-Хусәйн; шииттер оны «Бақыр» атайды;
  6. Джафар ибн Мұхаммед; шииттер оны «әс-Садиқ» атайды;
  7. Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шииттер оны «Казым» атайды;
  8. Әли ибн Мұса ибн Джафар әс-Садиқ; шиитер оны «Риза» атайды;
  9. Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииитер оны «Тақий» немесе «Джәууад» атайды;
  10. Әли ибн Мұхаммед ибн Әли ибн Мұса; шииттер оны «Нақий» немесе «Һади» атайды;
  11. Хасан ибн Әли ибн Мұхаммед; шиитер оны «Зәкий» немесе «Аскәри» атайды;
  12. Мұхаммед ибн Хасан әл-Аскәри; шииттер оны «Мәһди» немесе «Худжжатул-қаим әл-Мунтазыр» атайды. Олардың сенімі бойынша ол һижри 256-шы жылы туылып, 260-шы жылы аспанға көтерілген. Содан кейін 329-шы жылы әкесінің үйіндегі жертөлеге кіріп, «ғайып» болып кеткен.

Зәйдилер

Үлгі:Main Зәйдилік (Үлгі:Lang-ar) — өздерінің негізін қалаушысы деп Зәйд ибн Әли «Зәйн әл-абидин» ибн әл-Хусәйн ибн Әли ибн Әбу Талибты санайтын шиғалардың ағымы. Кезінде Иран, Ирак және Хиджаз жерлерінде көп таралып, өздерінің бірнеше мемлекетін құрған: Солтүстік Африкадағы Идрисилер мемлекеті (һижри 789-926 жж.), Табаристанда (һижри 863-928 жж.), Йеменде (һижри 901 ж.). Олардың Йеменнің кейбір бөлігіндегі билігі 1962-шы жылдың 26-шы қыркүйегіндегі революцияға шейін жалғасты. Сенімдерінде мутазилиттік жолы ұстанып, шииттердің ағымы болғанымен, олардың жолы басқа шииттерге қарағанда сүнниттерге жақынырақ. Олар «жасырын имамға» сенбейді, Әбу Бәкір мен Омар ибн әл-Хаттабты сөкпейді, күнадан сақталған деп тек Әлиді, Фатиманы және екі баласын атайды. Оларда басқа шииттер рұқсат берген уақытша неке харам саналады. XX-шы ғасырдың соңындағы саны 7 миллионға жуық. Йемен халқының біраз бөлігін құрайды<ref name="shia"/>.

Исмаилиттер

Үлгі:Main Исмаилия (Үлгі:Lang-ar) (батыния, қарамиттер, т.б.) ағымы өздерін Джафар әс-Садиқтың үлкен ұлы Исмаилмен байланыстырады. Олар оны жетінші имам санап, басқа шииттерге қайшы пікірді ұстанады. Кейбір мұсылман ғалымдары оларды христиандар мен яһудилерден жаман Исламның жаулары санап, оларды мұсылман санатына кіргізбейді. Атауларына сәйкес («батын» —жасырын) олардың наным-сенімдері жасырын, жарияланбайды. Олардың кейбіреулері Құранды мойындамайды, Мұхаммед пайғамбардан кейін де пайғамбарлар болады деп санайды, Ақырет күнін, жәннәт пен тозақты мойындамайды. Олардың шектен шыққандары соншалықты, Әли ибн Әбу Талибты құдай санап, оған құлшылық қылады<ref>باطنية — islamweb.net</ref>. Исмаилиттердің кейбіреулері өздерін пайғамбар санаған (мысалға исмаилит болған атақты араб ақыны Әбу Таийб әл-Мутанабби). Намаз оқитын исмаилиттер намаз оқығанда өздерінің діни басшысы және имамы Аға Хандарына қарап оқып, өздерінің зекеттерін соған береді.

Таблиғи жамағат

Үлгі:Main Таблиғи жамағатҮндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған<ref>جماعة التبليغ والدعوة — Saaid.net</ref>.

Хизб ут-тахрир

Үлгі:Main Хизб ут-тахрир (Үлгі:Lang-ar) — Тақи әд-дин ән-Нәбһани құрған Ихуан әл-Муслиминнен бөлініп кеткен ағым. Олар шариғаттан тек ақылымызға келетін нәрсені аламыз деп, қабір азабын, Мәсих Дәжжәлдің шығуын, т.б. заттарды мойындамайды<ref>Хизб ут-тахрир — Шейх Муқбиль ибн ҺадиҮлгі:Ref-ar</ref>.

Ихуан әл-муслимин

Үлгі:Main Ихуан әл-муслимин (мұсылман бауырлар) — 1928-ші жылы Мысырда Хасан әл-Банна құрған саяси партия. Ихуан әл-муслимин жамағаты негізінен саясат пен билікке ұмтылып, мұсылмандардың сенімін түзеуге, оларды тура жолға бастауға ұмтылмайды. Бұл партия өздерінің Сүннетті ұстанатынын айтқанымен, олардың қатарында Сүннетке қарсы бидғат иелері де кіре береді<ref>Шейх Салих әл-Фаузанның «Ихуан әл-муслимин» туралы пәтуасы — Sahab.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Басқа ағымдар

Ахмадия Үлгі:Main

Мурджиялар Үлгі:Main

Ирджа (Үлгі:Lang-ar) — араб тілінде «қалдыру» мағынасын білдіреді. Шариғатта «амалдарды қалдыру, амалдарды иманға кіргізбеу» мағынасын береді. Мурджиялар Әһлі-Сүннет пен харижилерге қарама-қайшы пікір ұстанып, иман деп тек «ішкі сенім және тілмен растауды» айтады. Олардың сеніміне сәйкес иман деңгейі көтерілмейді, барлық адамның иманы бір деңгейде дейді.<ref>مرجئة — www.islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

ДжәбрилерҮлгі:Main Джәбрия (Үлгі:Lang-ar)— адамдардың өз қалауы жоқ, барлық Аллаһтың құлдарын мәжбүрленген, таңдауы жоқ деп санайтын ағым<ref>جبرية — AlMaany.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Джәһмилер Үлгі:Main Джәһмия (Үлгі:Lang-ar)— Джәһм ибн Сафуан құрған ағым. Джәһмилер Аллаһтың барлық дерлік есім-сипаттарын жоққа шығарады. Аллаһтың сөйлейтінін, Оның еститінін, көретінін мойындамайды. Джаһмилер адамдардың Аллаһты Ақыретте көретінін де өтірікке шығарады. Олар Құранды мақұлық (яғни жаратылған) санап Әһлі-Сүннет сеніміне қайшы келеді.<ref>أهل السنة والجماعة من الفرق الأخرى — islamweb.netҮлгі:Ref-ar</ref>.

Қадарилер Үлгі:Main Қадария (Үлгі:Lang-ar)— Аллаһтың тағдырын, Аллаһтың бір зат болар алдындағы ол туралы білімін жоққа шығаратын ағым. Ислам ғалымдары бұндай сенімді Исламнан шығаратын күпір санайды, себебі Аллаһ Құранда айтқан: Үлгі:Quotation Сонымен қатар Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан Имам Муслим риуаят еткен хадисте Аллаһтың жаратылыстардың тағдырын жаратудан 50 мың жыл бұрын жазып қойғандығы баяндалған<ref>القدرية — islamweb.comҮлгі:Ref-ar</ref>.

Друздар Үлгі:Main Друздар — асыра сілтеуші шииттердің топтарының бірі. Шиғаның исмаилия бөлімінен пайда болған. Фатима әулетінің халифасы әл-Хаким би Амри-Лләһ әл-Мансур ибн әл-Азиз би-Лләһтің уәзірі Хамза ибн Әли мен Наштакин әд-Даразидің тарапынан кұрылған.

Әләуилер немесе нусайрилік Үлгі:Main Нусайрилік — Мұхаммед ибн ән-Нәмири (қ.б.ж. 270 һ./833) тарапынан құрылған асыра сілтеуші бір шиға тобы. Нусайриліктің көзқарасын батыни түсінік пен анықтамалар құрайды. Нусайрилік құпия түрде жұмыс жүргізгендіктен, тарихы мен көзқарастары ұзақ уақыт жасырын сақталған.

Хабашилер Үлгі:Main Хабашилер немесе әл-Ахбаш (араб.: الأحباش‎ — эфиоптар) — XX ғасырдың 80-ші жылдарында құрылған сопылық мектеп. Кейде Ислами қайырымдылық жобалар ұйымы (араб.: ‏جمعية المشاريع الخيرية الإسلام‎‎‎, джам'ийа әл-машари' әл-хайрийа әл-исләмийа) деп те аталады

Үлгі:Portal

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Islam-stub