Джәһм ибн Сафуан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жахм б. Сафуан, Әбу Мухриз, Мәулабаяурасиб (745 ж.ө.) - әйгілідіни уағыздаушы, хорасандық мурджжахмшілердің басшысы. Әл-Харис б. Сурайдждың хатшысы бола жүріп, Хорасанның Омейя әулетінің бастығы [[Наср б. Саййар|Наср б. Саййарға]] қарсы көтеріліске қатысып, тұтқынға түсті де, Мервте өлім жазасына кесілді. Ол мұсылман дәстүрі бойынша, тұңғыш рет Құранның жаратылғаны туралы идеяны айтқан әл-Жад б. Жидхамның шәкірті. Шүбәсіз болжаудың уағыздаушысы, антропоморфизмнің қарсыласы болып табылатын Жахм б. Сафуан Термез бен Мервте өзінің көзқарасын қолдамайтын мурджшіл және мутазилашылдық уағыздаушылармен қиян-кескі таластар жүргізді. Оның Хорасанда мутазиашылдық уағыздаушы Хафс б. Сәліммен, мурдшіл дінгер-антропоморфисі және Құранның түсініктемешісі, «Аллаһтың да адам сияқты денесі, тәні мен қайы бар» деп үйретуші Мукатил б. Сүлейменмен (767 ж. ө.) жүргізген пікір таластары белгілі. Ол бір шығармасын Мукатилдің көзқарастарын «теріске шығаруға» арналы. Ортағасырлық мұсылман доксографтары Жахм б. Сафуанға дінгерлердің наразылықтарын тудырған пікірлерін теліді. Бәрінен бұрын оны тәңірілік қасиеттерді мойындамайды деп кінәлады. Ол Аллаһтың бойынан оған жаратылыстан берілген (құдіреттілік, әрекетшілік, жаратушылық) қасиеттерді ғана мойындады. Субстраттан тыс туындайтын білімдер Аллаһқа тән деп түсінді. Ол адам әрекеттік қабілетке де, қалауға да, таңдау еркіндігіне де ие емес деп тұжырымдады, Аллаһадам бойына табиғатта да жасап отыратындай әрекеттерді дарытады. Ол әрекет адамға тура табиғаттағы секілді «ағаш жеміс береді», «су ағады» деген сияқты астармен жетелі. Адамның әрекет ету қабілетін және әрекет етуге талпынуын Аллаһ нақ оның терісінің түсі, оның тұрқы, т. б. секілді жаратқан. Қылығына қарай бағалау мен жазалау еріксіздік болып табылады, яғни адам - өз әрекетінің жаратушысы емес. Жахм б. Сафуанша сенімді күшпен бағындыруға болмайды, сөз бен іс, сенім - бұл Аллаһ туралы білім, сенімсіздік - ол туралы білмеу. Сенім (Аллаһ туралы білім) барша жұрт үшін - Пайғамбардай қатардағы мұсылманға дейін бірдей. Мутазилашылар тәрізді Жахм б. Сафуан Алланы көзбен көру мүмкіндігін теріске шығарады, Құранның жаратылғанын және ақыл естің тәңірі жібергенді тануға дейінгі қажеттігін мойындайды.

Дінгерлер тарапынан Жахм б. Сафуанның Исламда қабылданған пейіш пен тозақтың мәңгілігі туралы пікірді теріске шығарғаны және оны Аллаһ мүмкіндіктерінің шектеулі екендігі туралы эсхатол. түсінігі өткір сынға ұшырады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub