Зияиддин Айдынәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зияиддин Айдынәлиев (1916-1977, Атырау облысы). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы (1971). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Атырау политехникалық техникумын бітірген (1938).

  • 1938-1940 жылдары - Байшонас мұнай кәсіпшілігінде пайдалану жөніндегі техник, әскерден босағаннан кейін (1946-1948) аға инженер, өндіру цехының бастығы.
  • 1948-1959 жылдары - Ескене, Мақат, Қаратон, Қошқар, Сағыз мұнай кәсіпшіліктерінің директоры.
  • 1959-1963 жылдары - мұнай мен химия өнеркәсібі кәсіподағының Атырау облыстық комитетінің төрағасы.
  • 1963-1967 жылдары - «Ембімұнай» жол- жөндеу кеңсесінің бастығы.
  • 1967-1974 жылдары-Байшонас МАБ бастығының орынбасары, Балықшы барлай бұрғылау басқармасы бастығының орынбасары, «Ембімұнай» бірлестігі ҒЗҚ-да бөлім бастығы. Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}