Ескене мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Coord Үлгі:Мұнай кен орны

Ескене мұнай кен орны - Атырау облысы Атырау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде. Кен орны 1932 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1932–1952 жылдары жүргізіліп, 1934 жылдан мұнай өндіріледі

Геологиялық сипаты

Тектоникалық тұрғыдан кен орны тұз күмбезді құрылымдармен ұштасқан. Өнімді қабаттары үш мұнайлы горизонтқа бөлінген: апт (тереңдігі 146 – 576 метр), неоком (160 метр) және пермь-триас (255 – 517 метр). Мұнайлы қабаттардың қалыңдығы 3,94-21,6 метр. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 23 – 30%. Мұнайдың алғашқы тәуліктік шығымы 1,4 – 296,3 м3.

Тығыздығы, құрамы

Тығыздығы 0,793 – 0,924 г/см3, күкірті (0,06 – 0,36%) мен парафині (0,4 – 1,01%) аз. Ілеспе газдың құрамы: метан (59,6 – 75,6%), этан (6,7 – 13,6%), т.б. Қабаттардағы су хлоркальцилі, оның минералдығы 234,6 – 320,1 г/л. Кен орны өндірістік игерілуде. <ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ескене мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}