Зеңгі Баба

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зеңгі Бабақазақ халқының мифологиялық сеніміндегі төрт түлік малдың бірі – сиырдың пірі. Халық нанымында малдың әр түлігінің өз тәңірісі, иесі болады деп есептелген. Соның ішінде сиыр малының тәңірісі, қамқоршысы Зеңгі баба деп түсінген. Соған сиынып, малының аман-сау өсіп, көбеюін тілеген.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Зеңгі Атаның туған жылы белгісіз. Бірақ ол жайлы айтылған деректерге қарағанда оның 12-ғасырдың соңы мен 13-ғасырдың басында өмір сүрген деп жорамал жасауға негіз бар. Зеңгінің түрік-ислам дүниесінде исламды уағыздаушы данышпан ойшылдың бірі болған. Зеңгі Баба (Айхожа) жас кезінде әкесі Ташхожадан тәлім-тәрбие алады. Әкесінің білімінен кейін Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті Сүлеймен Хакім Ата Бақырғанидың тәрбиесінде болып, Яссауи ілімінің мағрифатын, тарихатын, шариғатын, ақихатын үйреніп Аллаға жақындасудың қиын да азапты жолдарынан өтеді. Зеңгінің түп нәсілі араб болғандықтан денесі қара, сүйегі ірі болған екен. Хакім Атадан терең білім алып данышпандық пен керемет көрсету дәрежесін меңгергеннен кейін ол отаны - Шаш ұлаятына келіп халықты ілімге, әдептілікке тәрбиелеуге кіріседі. Көптеген аты танымал ойшыл шәкірттер тәрбиелейді. Зеңгі Атаның көрінісі қарапайым, дәруіш секілді болып, адамдардың сиырын бағып, падашылық етіп, ғаріптік өмір кешіреді. Зеңгінің күнделікті өмірі сахарада пада бағумен өткендіктен ол намазды да қыр-адырларда оқитын болған. Намаздан кейін зікір айтумен шұғылданған екен. Сол кезде сиырлар жайылуын тоқтатып тұратын болған. Өзбекше айырым басылымдарда хикая етуге қарағанда Шаш ұлаятынан шыққан ұлы машайық Зеңгі Атаға жергілікті халық үлкен құрмет көрсетіп - Зеңгі Баба деп атаған екен. Зеңгінің көптеген мүридтері, мухлистері (ықыластантанушылары) және шәкірттері болған. Олардың ішінде төртеуі - Ұзын Хасан ата, Сайид ата, Садр ата (садриддин) және Бадр ата (Бадриддин) атақты машайықтар дәрежесіне жетеді. Зеңгі 1258 жылы өмірден өтеді. Ташкентке жақын жердегі Зеңгі Ата қыстағына жерленеді. Жұбайы Әмбар бибінің қабірі де осы жерде. Бұл орын тек Ташкент уалияты емес, бүтін Мауараннахр және Хорасандағы, Тұран өлкесінің түркі халқының қасиетті мекені болып саналады. Рубаяттарда айтылғанына қарағанда Зеңгі Ата кесенесін Әмір Темір салдырып, оған құлыптасты 1420 жылы Мырза Ұлықбек орнатады. Құлпытаста : "Әркім өз үйінде дәрет алып, менің үйімде зиярат қылса, ол адамды құрметтеп қастерлеуге лайықты" деген жазу жазылған. Кесенені түнде қара өгіз келіп құлатып кете береді. Әмір Темірдің түсіне Зеңгі Ата кіріп: "Менің пірім Қожа Ахмет Яссауидің басына кесене тұрғыз" дейді. Содан барып Ясауидың басына кесене тұрғызылған, содан соң барып Зеңгі бабаға кесене салыныпты дейді аңыз. Зеңгі баба мен Әмбар бибіден туған Айша бибі туралы да аңыз-хикаялар жетерлік.<ref>"Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зеңгі Баба|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}