Дәруіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәруіш– діндар, өзін толығымен құдай жолына бағыштаған, рухани жетілуді мақсұт еткен, сопылық ілімді меңгерген адам; белгілі бір сопылық бауырластықтың ресми мүшесінің атауы. Олар "жарлы", "кедей" деген ұғымды тура мағынасында емес, рухани ілімнің жеткіліксіздігі мағынасында түсініп, өздерін өте төменшік, қарапайым, кішіпейіл ұстағандықтан Дәруіш атанған Олар сопылық ілімдегі фони дүниенің қызығынан бас тартып, жоқшылық пен азапта, қайыршылықта өмір сүру, яғни азға қанағат ету, ерікті кедейлік арқылы бақи дүниенің рахатына, Алланың мейіріміне бөленуге болады деген белгілі көзқарасты ұстанады.Дәруіштердің сопылық бауырластықтары 8—9 ғасырлырларда мұсылман әлеміне кең тараған. Қожа Ахмет Ясауи тариқатының жольш ұстанған Дәруіштер түркі халықтарына исламды насихаттап, басқа елдермен рухани, мәдени байланыстар орнатуға үлкен үлес қосты.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Түрлері

Дәруіштер екі түрлі болады:

  • бірі дорба арқалап, ел кезіп, рухани ілім таратушы сопылар да,
  • екіншісі — сопылық бауырластыққа (тарикатқа) кіріп, пір (шейх) басқаратын арнаулы мекен-жайларда тұратын, бір жерде уағыз жүргізіп, сондай-ақ, өзін-өзі жетілдіріп отыратын Дәруіштер.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Islam-stub