Рубаят

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рубаят(төрттік), рубан, төрттаған — Шығыс және Орта Азия поэзиясында кең таралған лирикалық өлең түрі. Әсіресе, араб, парсы жөне түркі халыктарының ауыз әдебиетінде мол ұшырасады. Рубаят төрт жолдан тұрады. Кей ретте ұйқасатын ор жолдан кейін белгілі бір сөз қайталанып отырады (редиор). Рубаят философиясы мазмүнға құрылып, аяқталған бір ойды білдіреді. Рубаятты парсы-тәжік әдебиетінде 9—10 ғ-да Ханзале, Рудаки, т.б. акындар қолдана бастады. Ал Омар Хөйям Рубаятты өлеңнің негізгі түріне айналдырып, оның тамаша үлгілерін жасады. Руми, Хафиз, Жәми, Хакани, Бедил сияқты сөз шеберлері Рубаятты одан орі дамытты. Түркі жазба әдебиетінде Рубаят Ж.Баласағүнидың "Құтадғу білік" дастанында (11 ғ.) ұшырасады. Рубаят үлгісін дамытуға Қожа Ахмет Ясауи да өзіндік үлесін қосқан. Шығыстық көптеген ақындар Рубаяттарын Сыр мен Қаратау өңірлерінің ақын-жыраулары (моделіқожа, Майлы-қожа, т.б.) жатка білген. Олардың шырайлы философиясы ойларынан, кемел пікірлерінен рухани нәр алған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Рубаят|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}