Жым-жылас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қос сөздің бірінші сыңары тек қазақ тілінде ғана емес, басқа да түркі тілдерінде «тыныш» мағынасын береді, хакасша сым — тыныш; якутша чуумпу — тыныш, тым-тырыс және т. б. Сондықтан бұл туралы әңгіме қозғап, оның төркінін іздестіру артық. Ал, қос сөздің екінші сыңары — «жылас» қазақ тілінде жеке қолданылмай, тек «жым» тұлғасымен тіркесіп қана — теп-тегіс, жып-жылмағай деген мағынаны береді. «Жалпақ дала жым-жылас, ой-шұқырын білу қиын» (Ғабиден Мұстафин, Дауыл).

«Жылас»-пен тұлғалас сөздер кейбір түркі тілдерінде жеке, өз алдына тұрып та тиісті мағына беретіндігін көреміз. Хакас тілінде чылаас— жалан, жалаңаш сияқты мағынада айтылады. Осы дерекке қарағанда, «жылас» тұлғалас сөз ете ертеректе қазақ тілінде де қолданылған да, кейін келе дербестігін жоғалтып, қос сөз құрамында ғана сақталған дей аламыз. Жалаң, жалаңаш жер тек қана тыныштық ұясы бола алатынын ескерсек, қос сөздің алғашқы сыңары (мағына жағынан алғанда) соңғысының нәтижесі екендігін байқау қиынға түспейді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}