Хакас тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хакас Тілі — хакас халқының тілі. Хакастар Хакасияның жергілікті тұрғындары, түркі тілдерінің аралық бұтағының ұйғыр-оғыз тобына жатады. Хакас Тілі т-нде 76 мыңдай адам сөйлейді (2002). Хакас Тілі т-н ертеректе абакан, минусиндік татарларының, енисей түркілерінің тілі деп атаған. Қазіргі Хакас Тілі т-нде екі диалект бар. Өз ішінен сағай, качин, қызыл, шор говорларына бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуына сағай мен качин говорлары негіз болды. 1926 ж. орыс графикасы негізінде Хакас Тілі т-нің жазуы жасалуына байланысты хакас әдеби тілі дами бастады. 19291939 ж. хакастар латын жазуын қолданды. 1939 жылдан кейін орыс графикасына негізделген жазуға көшті. Хакас Тілі т-нде 9 дауысты (қысқа және созылыңқы), 24 дауыссыз дыбыс бар. Қосымша ұлттық әріптерге у, о, қ, ғ, ң жатады. Қазақ тілінен айырмашылығы ж — ч, й — з, ұ — о дыбыстары ауысып келеді. Мысалы, чыл — жыл, наа — жаңа, азах — аяқ, сол — ұл. Хакас Тілі-нің Оңт. Сібір түркілері мен қырғыз тіліне ұқсастығы басым. Сөздік құрамында араб-парсы кірме сөздері аз болса, керісінше моңғол мен орыс тілінен енген сөздер көптеп кездеседі. 1944 ж. хакас тілі мен әдебиеті, тарихи ғыл.-зерт. ин-тының ашылуы Хакас Тілі т-н жүйелі түрде зерттеуге жол ашты.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}