Жоғарғы тыныс жолдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жоғарғы тыныс жолдары ауаны екі бағытта (ішке және сыртқа) өткізетін тыныс алу жүйесінің түтікше мүшелері. Жоғарғы тыныс жолына: мұрын қуысы, аңқа (жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі), көмекей, кеңірдек және ауатамырлар (бронхтар) жатады. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарын бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Эпителийдің астында борпыддақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа орналасады. Кілегейлі қабықта кілегей бөлетін бездер болады. Көмекей, кеңірдек, бронхтардың ортаңғы қабығының негізін шеміршек ұлпасы құрайды. Жоғарғы тыныс жолдары ауа өткізумен қатар, оны шаң-тозаңнан тазалау, жылыту, су буымен қанықтыру, иіс сезімі (мұрын), дыбыс шығару (көмекей) қызметтерін атқарады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жоғарғы тыныс жолдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}