Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
<ref>Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>
1991 жылы Геологиялық ғылымдары, Тау-кен ісі және Сейсмология институттарының Орталық Қазақстандағы бөлімшелері негізінде Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институты құрылды. Қазақстан Үкіметі институтқа төмендегідей басты бағыттар бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуді жүктеді:
– Орталық Қазақстанның жер қойнауын геологиялық әдістермен зерттеу; </td></tr> |
<i>
– кентастық және көмір кен орындарын кешенді игеру; </td></tr> |
<i>
– минералдық шикізат экологиясын зерттеу.
</td></tr></table>
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан офиолиттері түзілуінің негізгі заңдылықтары анықталып, Тянь-Шаньның қазақстандық бөлігінің кайнозойлық «жарылыс құбырлары» зерттелді, гранитоидтардың ішкі құрамын зерттеу негізінде Қазақстан жер қыртысының басты құрылымдық элементтерінің моделі жасалды, Орталық Қазақстанның платиндік минералдану қорлары зерттелген. Орталық Қазақстанның 1:500000 масштабтағы геохимиялық картасы жасалды. Қарағанды бассейнінің көмірлерінде метанның таралу заңдылықтары зерттеліп, газ-көмір кен орындарын шахтасыз кешенді игеру технологиясының негіздері жасалды. Біррельсті көлікті пайдаланып, кентастық кен орындарын жер асты игеру технологиясы, сондай-ақ жер асты техногендік кен орындарын жоспарлы орналастыру технологиясы игерілді. 1945 жылы Топырақтану институты ұйымдастырылды. Институт ұжымының құрамында ҰҒА-ның 1 корр. мүшесі, 12 ғылыми доктор және 30 ғылыми кандидаттары жұмыс істейді.
және екі лабораторияда топырақ экожүйесін зерттеу; топырақ химиясы және жоғары молекулалы қоспалар жүргізіледі.
Институттағы ғылыми-зерттеулер, негізінен, топырақтанудың өзекті мәселелерін, ең алдымен, топырақ экологиясы мәселелерін шешуге бағытталған.
Елдің суғарылмайтын (далалық) және суғармалы егіншілік аудандарындағы, Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтардағы, экологиялық апат аймақтары – Арал бойы, Батыс Қазақстандағы топырақ пен топырақ жамылғысы зерттелді. Топырақтың антропогендік әсерлерден өзгеру мәселелері, қазіргі заманғы топырақтағы процестер, тозу, сортаңдану, ластану жөнінен қомақты теориялық материал жиналды; топырақ жамылғысын картаға түсіру мен тәжірибелік жұмыстарды жүргізудің жаңа әдістемелері жасалды. 1991–2000 жылы институт ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша 20 монография мен кітаптар, 500-ден астам мақалалар мен баяндамалар жарияланып, Жетісудың, Солтүстік Балқаш маңының, Жамбыл облысы бір бөлігінің топырақ карталары, топырақтық-мелиоративтік аудандастыру карталары, топырақ эрозиясы мен дефляциясы карталары, жекелеген аймақтар мен суғармалы массивтер бойынша топырақты-экологиялық карталар сериясы құрастырылды. Институт ғалым Ө.Оспановтың есімімен аталады. Тағы қараңызДереккөздер<references/> |