Кентас
Кентас, руда – құрамында металл немесе металдардың қосылыстары бар өнеркәсіптік пайдалануға жарамды минералдық шикізат. Кей жағдайда бейметалл шикізаттарды да кентас деп атайды. Мысалы, асбест, барит, графит, күкірт, т.б. Кентас бай және кедей Кентас болып бөлінеді, құрамына қарай мономинералды және полиминералды болады. Химиялық құрамына қарай силикатты, кремнийлі, тотықты, сульфидті, карбонатты және аралас кентас болады. Түпкілікті тау жыныстарындағы, магмалық, метаморфтық жыныстардағы кен шоғырларынан алынған кентас түпкілікті кентас деп, ал өзен, көл, мұхит құмдарынан алынған кен кенқайраңды кентас деп аталады. Кентас бітіміне қарай тұтас (массивті), жолақты, желілі, сеппелі, ұялы, ал құрылымына қарай біркелкі түйірлі, әр түрлі түйірлі, оолитті, порфирлі, жолақты-сәулелі, т.б. болып бөлінеді. Кейбір ірі кендердің кентастарының құрамы, сыйыстырушы жыныстары және түзілу жағдайларына қарай өзіне тән ерекшеліктері болады. Сондықтан кентастың типі осы кеннің немесе ауданның атымен аталады. Мысалы, полиметалл кентастары алтайлық, мырғалымсайлық, темір кентастары атасулық, асбест кентастары жітіқаралық, т.б. болып жіктеледі.<ref name=”test”>”Қазақстан Энциклопедиясы”</ref>
Суреттер
- Banded iron formation.png
Темір кентасы
- ManganeseOreUSGOV.jpg
Марганец кентасы
- LeadOreUSGOV.jpg
Күміс кентасы
- GoldOreUSGOV.jpg
Алтын кентасы
- OreCartPachuca.JPG
Кентас тасыйтын арнайы арба
Сілтемелер
<references/>