Кайнозой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Геохронологиялық шәкілі Үлгі:Geological era

Сурет:Cenozoic cosmo 1894 beard 1913.png
Сүтқоректілер Кайнозойдың басым жәндіктері болды.

Кайнозой эрасы – жер дамуының соңғы 60-70 млн. жылын қамтитын ең жаңа (кембрийге дейінгі дәуірден есептегенде үшінші) эрасы; үш кезеңге — палеоген неоген кезеңдеріне және төрттік кезеңге — жіктеледі <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Кайнозой

Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos – жаңа, zoе – өмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан. Оның басты себебі – оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан бөлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған. Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран) аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі – Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант және Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис батысында – Альпі, Карпат және Динар тауларының етегінен басталып, шығысында – Каспий мен Аралға дейін созылған. Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын келген. Миоценде Альпі – Гималай тау белдеуінің қалыптасуы жалғасып, олардың көптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік деңгейлерге төрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы пайда болды. Қарқынды көтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның шығысында, Алтай – Саян алқабында, Байкал алды және Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі өзгерістер климаттың өзгеруіне әкелді. Палеоген кезеңінде экватор, екі тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу қосылған. Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған. Миоцендегі салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік жарты шарда тау мұздықтары пайда болған. Плиоцен дәуірінде экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат белдеулері қалыптасқан. Төрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар (Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде төрт мұзбасу: гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар мұхит деңгейіне өте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде мұхит деңгейі 150 м-ге төмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға көтерілген.

Тіршілік әлемі.

Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары өз мәнін жойған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен скаттар; алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған. Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер, яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің соңы мен төрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион, семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. өмір сүрген. Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус, алып секвоя, араукария мен кипаристер өсті. Қоңыржай климатты алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен, бук, каштан, терек, қайың, т.б. өскен.

Кен байлықтар.

Палеогенде өте ірі латеритті және латеритті-шөгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын Америкасында, Жерорта т-ндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Төм. Ангар мен Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак, Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген. Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық көмір қорының 15%-і шоғырланған. Оның ішінде таскөмір қабаттары Сахалинде, Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр көмір кен орындары – Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда, Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран – Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы (Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық таужыныстары түзілген. Төрттік түзілімдермен әр түрлі кенқайраңдар, шөгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі тасберіштер (конкреция) шоғырланған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Commonscat

Үлгі:Phanerozoic Footer

Үлгі:Cenozoic Footer


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кайнозой|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Geology-stub