Жаңатөбе алтын кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жаңатөбе алтын кен орны - Ақмола облысы жерінде орналасқан.


Кен орны 1932 жылы ашылып, барлау жұмыстарымен қатар бұл кеннен алтын өндіріліп келді. Кенге алғашқы сипаттаманы 1937 жылы М.Әзірбаев берді.

Геологиялық құрылымы

Кен Қырыққұдық интрузия массивін бойлап антиклиналь қатпарға жиырылған ортаңғы ордовиктің альбитофирлері, порфириттері мен туфогендік-шөгінді жыныстарынан орын алған. Кентас денелері 20-дан астам күрделі пішінді кварц желілерінен, оларға қоса кейбір порфириттер мен порфирит туфтарынан тұрады.

Минералдары, құрамы

Кентас минералдарынан пирит, халькопирит, пирротин, сфалерит, марказит, магнетит, саф алтын, электрум және темірлі қосылыстар кездеседі. Кентас сапасы орташа. Жаңатөбе алтын кен орны кішірек кендер қатарына жатады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер