Порфирит

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Порфирит<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> — құрылымы порфирлі калишпатсыз магмалық тау жыныстарының жалпы атауы. “Порфирит” термині интрузиялық тау жыныстарының порфирлі құрылымды екенін көрсетуге қолданылады. Мысалы, габбро-порфирит, диорит-порфирит, т.б. Бұл тау жыныстарында фенокристар плагиоклаз және фемалық минералдар болып, арқауы толық кристалды, ұсақ түйірлі осы минералдардың агрегатынан тұрады. Мұндай плутонит-порфирлер сығылмалар, силдар, кішігірім штоктар түзеді. Минералдық құрамына байланысты пироксен порфириті, уралит порфириті, т.б. түрлерге бөлінеді. Порфирит құрылыс материалы ретінде қолданылады. Қазақстанда палеозойдың жанартаулық, шөгінді-жанартаулық тау жыныстарында кездеседі.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/> немесе <reflist/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub