Жамалбек Есбол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есбол Жамалбек (17.5.1934 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Кершетас ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1992). Қазіргі ҚазМУ-дың биология-топырақтану факультетін бітірген (1956). 1959 ж. Қазақстан ҒА Топырақтану ин-тына аспирантураға түсті. Негізгі жұмысының ғылыми бағыты – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының топырақ-мелиоративтік жағдайын зерттеп, оны екінші сорланудан құтқару жолдарын қарастыруға арналды. Топырақтану институтының өндірістік тапсырысы бойынша Есбол Жамалбек Маңғыстау түбегінің топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп, азық-түлікпен қамтамасыз ету және елді мекендерді көгалдандыру мәселелерімен айналысты. 1973 жылдан ғылыми-зерттеу жұмыстарын Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізді. Есбол Жамалбектің 10 монографиясы, 8 оқу құралын, 8 кітапша, көптеген ғыл. еңбектер жариялаған. «Ерен еңбегі үшін» (1970), КСРО-ның Халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің қола (1984), «Еңбек ардагері» медальдарымен (1986) марапатталған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}