Есен, Есентай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есен, Есентай (туған - өлген жылы белгісіз) батыр, ұста. Қанжығалы Ніпенбет бидің баласы. Есік еліне (қазіргі Башқұртстан) көршілес қоныстанып келген Есен үлкен ұлы Құдайберді батырмен бірге Тоқтамыс ханның жорықтарына қатысқан. Олар жайында «Ер Едіге» жырында айтылады. Тоқтамыс ханның қызы Жәникені алған күйеу баласы Едіге қайын атасына қастандық жасамақ болып, Әмір Темірге жансыздар жібергенде, оның бұл әрекетіне ренжіген Есен мен Құдайберді Ұлытауды тастап, Сарысу бойына көшеді. Ақтау мен Ор тау аралығын қоныстанған Есеннің Оқшаутас деген жерде ұстаханасы болған. Есеннің балалары мен кейінгі ұрпақтары арасынан Құдайберді, Қайқы, Бөгембай, Үмбетей батырлар мен Киікбай, Саққұлақ, Асаубай, Шәңгі секілді шешен, би, ақындар шыққан. <ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есен, Есентай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}