Тоқтамыс хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Тоқтамыс хан (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 97/98). Маңғыстауда билеуші болған Тұй Қожа оғланның баласы. Жошы хан әулетінен.

Биографиясы

Әкесі Орыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін, Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барды. 1378 – 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды.

Мәскеуге жорық

Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады. 1382 жылы Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Бірақ Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Әмір Темірдің қарсылығын туғызып, екеуінің арасында ұзаққа созылған қиян-кескі күрес басталды. 1387 жылы туған Кавказдағы Кура өзеніннде Әмір Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орталық Азияда Тоқтамыстың, Қамар әд-Дин мен Еңке төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін шапқыншылыққа ұшыратты.

Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Алтын Орда хандары Үлгі:Ақ Орда хандары