Ен, ен дала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазіргі мағынасы — жалпақ, кең-байтақ, шалқар, кең. «... ен далада өмір сүрген қазақ та тіршіліктің талай тәсілдерін білген» (Ғабиден Мұстафин, Дауыл.). Мұндағы «ен» сөзі қазіргі тілімізде тек «даламен» ғана тіркесуге қалыптасқан. «Ен» тұлғасының алғашқы мағынасы қазіргі бізге белгілі мағынадан өзгеше болғанын басқа түркі тілдерінің дерегі анықтап береді. Қырғыз тілінде «ээн» сөзінің «шөл» , «елсіз» , «оңаша» , «иесіз» мағыналарын көрсек, хакас тілінде де «эн» дәл осы мағынада, тува тілінде «иесіз» , «елсіз» іспеттес мағыналарда ұшыратамыз. Әрине, мұның бәрі даланың адам мекендемей тұрғандағы анықтауышы болса керек. Ал адам қоныстана бастағаннан кейін «эн» сөзі сол даланың кеңдігі, жалпақтығын анықтайтын мағынаға ие болғандығын қазақ тілінен келтірілген мысалдан көріп отырмыз.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}