Ебіней Арыстанұлы Бөкетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Ебіней Арыстанұлы Бөкетов (23 наурыз 1925 жыл, Қырғыз (Қазақ) АКСР, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданы, Бағанаты ауылы, — 13 желтоқсан 1983 жыл, Қарағанды) — химик-металлург, ғалым, қоғам қайраткері<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген (1950). Техника ғылымының докторы (1967), профессор (1967), Қаз КСР ғылым академиясының академигі (1975), КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1971).

Өмірбаяны

Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1950). 1951-1953 ж. осы институттың аспиранты. 1954-1960 ж. сонда ассистент, кафедра доценті, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, 1960-1972 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Химиялық-металлургия институтының директоры (Қарағанды), 1972-1980 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 1980-1983 ж. Қазақ КСР ғылым академиясының Химиялық-металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1970 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. 1969 ж. Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бөкетов химия саласындағы жаңа бағыттың – халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясының негізін салған. Бөкетов мыс-электролиттік шламдардан селен, теллур элементтерін бөліп алудың пиро- және гидрохимиялық әдістерін жасап, Д.Менделеев жасаған Элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер аналогтарының жіктеліміне түзетулер енгізді. Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді. 50 өнертабыстың, 10 патенттің иесі.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Бөкетов сонымен қатар белгілі жазушы әрі аудармашы. Эссе Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов, Д.Менделеев туралы естеліктер жазған. «Шесть писем другу», «Человек, родившийся на верблюде», «Грани творчества», т.б. повестерінің авторы. Батыс және орыс классиктерінің «Макбет», У.Шекспирдің «Юлий Цезарь», Дж.Флетчердің «Испанский священник», Д.Маяковскийдің «Клоп» атты еңбектерін, И.Василенконың «Артемка» повесін, Э.Золдің әңгімелері мен мақалаларын аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Әуезовтің Абай шығармашылығын зерттеудегі еңбектеріне шолу жасады. «Абай жолы» ақынның ақындық қасиетін, ойшылдығын, тұлға бітімін жан-жақты аша білген сыр сандық деп бағалады. Ал «Халқымыздың мерейі мен мақтанышы» деген мақаласында Әуезовті ұлтымыздың ары мен абыройы деген («Жалын», 1972, N95)<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>.

Жетістіктері

Ол басқарған ұжым бес бірдей авторлық куәлікке ие болып, Канада, АҚШ, Аустралия, Швеция, Франция, Германия, Жапония, Италия тәрізді елдер патент тапсырған. Осы институтта түрлі түсті, сирек және бытыраңкы металдар зертханасын ашады. Бұл Қазақстан ғылымы үшін күтпеген жаңалық еді. Өзі басқарған осы зертханада молибден, вольфрам, селен және теллур бойынша зерттеулер жүргізген. 1965 жылы еңіс торлы шахта пештерінде бір топ құрастырушы түйіршіктелген жезқазғандық концентраттарды күшейткіш күйдіруден өткізу үрдісін алғаш енгізген. Осы еңбегі үшін ол КСРО-ның авторлық куәлігіне қоса 1969 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын иеленген. Бөкетов жаңалығы Ресейдің Орал электр мыс комбинатында, Жамбылдың фосфор, Теміртаудың "Карбид" зауыттарында қолданылған.

Екінші жаңалығы — флотациялық байыту сатысында бос жыныстардан айырып алуға жеңіл көнетін, тотықтандырылатын мысты сульфидтік түрге айналдыру. Соның арқасында жарамдылығы аз кендерден жоғары сапалы шикізат алынып, табиғат байлығы арта түскен. Осы екі табысы оны әлемге танытты. 1966 жылы докторлык диссертациясын ойдағыдай қорғап, төрт жылдан соң Қазақ КСР ҒА-ға мүше-корреспондент, бес жылдан кейін академик болып сайланды. 1972 жылы ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалған. Жаңа оқу орнының құрылысы, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік және тағы да басқа жұмыстар танымал ғалымды сырттай шаруашылық басшысына ұқсатып жібергенімен, ол қашанғы ұстамды, батыл мінезінен таймады, республикадагы екінші университетті аяғынан тік тұрғызып, жоғары білім берудегі төрт қабырғасын берік етіп қалап, атақ-даңқын биікке көтеріп берген. 1972 жылы тақырыптық жоспарға 10 жұмыс енгізілсе, арада жеті жыл өткенде 15 ғылыми бағыт бойынша 91 тақырып орындалған. Мәскеу, Ленинград, Алматы, Новосібір т.б. қалалардың жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан.

Халькогендер мен халькогенидтер химиясы және технологиясы жөніндегі жинақталған ғылыми бағытты жасаушы, әрі осы сала бойынша Бүкілодақтық 1-ші (1978) және 2-ші (1982) кеңестердің (Қарағандыда өткен) ұйымдастырушысы және басқарушысы. Ұнтақ (шлам) құрамынан қарапайым фосфорды айыру әдісі Бүкетов- Бәйешов әдісі деп аталған (1986). 200-ден астам ғылыми еңбектің, 9 монографияның, АҚШ, Канада, Австралия, Швеция, Финляндия, ГДР және басқа елдерде патенттелген 90-ға жуық ғылыми жаңалықтардың авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері: мыс-электролиттік шламдардан (ұнтақтарынан) селен мен теллурды айырудың пиро және гидрохимиялық тәсілдері. Балқаш кен-металлургия комбинаты жағдайында молибден мен ренийді айыру мақсатымен металлургиялық процестерді интенсивтендіру, рудалылығы төмен және күлділігі жоғары көмірден марганецті ферроқорытпаарқылы алу жолдары. Букетов металлургиялық ыдыратқыштар көмегімен гидрогенезация су сіңіру салдарынан тау жыныстарының геохимиялық процеске шалынуы мүмкіндігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.

Әдебиет саласында Ебіней Бөкетов Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын талдап, бірсыпыра туындылар жазған сарабдал сыншы. Ол студент кезінде-ақ Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафиндердің алдында өзінің өз қатарынан артық туған асыл жанның бірі екенін дәлелдеп берген.

Қарағанды Университетіне ректор болып тағайындалмастан бұрын ол қара металлургия мен органикалық химияның, журналистиканың, аудармашылықтың кез келген салаеын шыр айналдыратын құдірет иесіне айналған. Сергей Есениннің "Анна Онегина" поэмасын, Владимир Маяковскийдің өлеңдерін ана тілімізде сөйлеткен тамаша аудармашы, өйткені ол өзі де көкірегі тұнып тұрған ақын болатын. Артына "Алты хат" атты көркем әңгіме-хикаялар жинағын қалдырған.

Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің қайраткерлері туралы көркем публицистика, естелік және өмірбаяндық повесть жанрында орыс және қазақ тілдерінде жазылған бірқатар әдеби шығармалары жарияланған. "Түйе қомында туған адам" ("Человек, родившийся на верблюде", 1975); "Творчество қырлары" ("Грани творчество", 1977); "Шоқанның қасиетті ісі" ("Святое дело Чокана"); "Белгісіздікке барар жолда" ("Пути в незнание" жинағында. - М., 1984) атты очерктер мен эсселер жинағының авторы. И.Василенконың "Артемка" повесін, Э.Золяның "Әңгімелер мен мақалаларын", И.Вазовтын "Тепкіде" романын, У.Шекспирдің "Макбет" және В.Маяковскийдін "Кандала" ("Клоп") пьессаларын қазақ тіліне аударған.

Өзімен араласқан, қызметтес болған адамдардың естеліктеріне сүйенсек, ғалымның хоббиі бильярд ойыны болған, музыканы ерекше жақсы көрген. 1990 жылы АҚШ ғалымдары аепанда жаңадан табылған жұлдызды "Бөкетов-Баешов жұлдызы" деп атапты.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1969). Қазақстан Компартиясының XIII,XIV съездерінің делегаты. Еңбек Қызыл Ту ор- денімен және медальдармен марапатталған. 1985 жылы Букетовты есте қалдыру мақсатымен, ол соңғы жылдары еңбек еткен Химия-металлургия институтында мемориал тақта орнатылған (1987). Қарағандының бір көшесі оның есімімен аталады.

Баешов — бүгінгі күні Түркістандағы қазақ-түрік университетінің профессоры. Ебіней Бөкетовтың шәкірті. Екеуі бірігіп, химия саласында жаңалық ашқан. Бірақ, академик бұл әдістің халықаралық тұрғыда қуатталғандығын естімей кеткен. Е. Бөкетов — 70-тен астам авторлық куәлікке ие болған еңбекқор ғалым. Қарағанды мемлекеттік университеті бүгінде Ебіней Бөкетов есімінде.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Ғылыми еңбектері

  • Извлечения селена и теллура из медеэлектролитных шламов; Алматы, 1969.
  • Технологические процессы шахтного обжига в цветной металлургии; Алматы, 1973.
  • Гидрохимическое окисление халькогенов и халькогенидов; Алматы, 1975.
  • Автоклавный щелочный способ переработки фосфорсодержащего сырья; Алматы, Наука 1978
  • Металлургическая переработка марганцевых руд Центрального Казахстана; Алматы, Наука 1979
  • Современные формы выражения таблицы элементов Д. И. Менделеева; Қарағанды, Б. и. 1982
  • Халькогенидные электроды в потенциометрическом анализе; Қарағанды, КарГУ 1982
  • Нефть, уголь и вода в химии и энергетике; Қарағанды, Б. и. 1994

Әдеби шығармалары

  • Человек, родившийся на верблюде; Алматы, 1975
  • Грани творчества; Алматы, Жалын 1977
  • Шесть писем другу; Алматы, Жалын 1989
  • Святое дело Чокана; Қарағанды 1994

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер