Гидрохимия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гидрохимия (Үлгі:Lang-el – су) – сулы ортаның құрамы мен химиялық процестерін зерттейтін ғылыми пән немесе табиғи сулардың химиялық жағдайы туралы ғылым. Гидрохимияның негізгі міндеті — судың химиялық құрамы мен осындай құрамның қалыптасуына әкелетін құбылыстар арасындағы байланысты зерттеу болып табылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Гидрохимия – қоршаған ортада биологиялық, химиялық, физикалық процестердің әсерінен жүретін табиғи сулардың химиялық өзгерістерін, оның құрамын, мөлшерін зерттейтін ғылым.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Табиғи су гидросферада (мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, су қоймасы, т.б.), литосферада (жер асты сулары), атмосферада (ауадағы су буы) болатындықтан, Гидрохимия оларды зерттейтін ғылымдар – гидрология, гидрогеология, метеорология, мұхиттану, топырақтану, гидробиология, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Судағы еріген заттардың құрамын, сапасын анықтағанда Гидрохимияда аналит. химияның теориясы мен практикасы, тәсілдері, физ. және физ.-хим. әдістері, құралдары кеңінен қолданылады. Қазіргі Гидрохимия ғылымы табиғи суларды жан-жақты зерттейді: судың еріткіштік қабілетіне орай оның жер қыртысындағы күрделі минералдар кешенімен, атмосферадағы қатты заттармен әрекеттесуін зерттеп, олардың ерігіштігін, судағы формасын, тұрақтылығын, сорбциялық, алмастырғыштық, тотығу-тотықсыздану қасиеттерін, т.б. анықтайды; гидросферадағы зат айналымы мен элементтердің миграциясын зерттейді; табиғи су түрлерінің хим. құрамы мен гидрохим. режимін, олардың физ.-геогр. жағдайларға сай өзгерулері мен тәуелділігін анықтайды. Гидрохимия зерттеу нысанына қарай: жер беті суларының Гидрохимиясы, теңіз Гидрохимиясы, жер асты суларының Гидрохимиясы (гидрогеохимия) болып бөлінеді. Гидрохимия табиғи сулардың өнеркәсіп орындарын, елді мекендерді, қалаларды сумен жабдықтаудың, жер суғарудың, шипалы арасан суларын емдік мақсатта қолданудың жолдары мен тәсілдерін анықтайды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Гидрохимия - гидросферада жүретін химиялық процестерді зерттеумен айналысатын геохимия бөлімі; мұхиттанудың (мұхит химиясының) немесе құрлық гидрологиясының құрамды бөлігі. Ерітінділерде немесе су нысандарының сулары мен олардың түбіндегі шөкпелерде кездесетін заттардың сандық құрамын, олардың элементар және изотоптық құрамын, физикалық-химиялық және биохимиялық өзгерістерін, пайдалы қазбалардың шөгінді кен орындарының қалыптасуын, теңіз суынан бағалы заттарды алуды, су нысандарының химиялық ластануын зерттейді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub

en:Chemical hydrology