Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Organization Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. 1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның 1-орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев. Қауымдастықтың негізгі мақсаты — республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегат қатысты. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев болып бекітілді. Әділет министрлігінің алғаш рет 1992 жылғы 2 қарашада, одан соң 1997 жылғы 16 сәуірде қайта тіркеуінен өткен.

Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.

Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады.

Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.

Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Қауымдастық өз Жарғысы бойынша Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, мәдени-ғылыми орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.

Қауымдастық дүниеге келгеннен бері төрт құрылтай өткізді.

1992 жыл. 29 қыркүйекте Алматыдағы Абай атындағы академиялық опера және балет театрында Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы жұмысын бастады. Құрылтайға Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан (барлығы 33 елден), сондай-ақ Қазақстан облыстарынан 800-ден астам кісі қатысты. Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Қ.Найманбаев болды.

Құрылтайдың басты мақсаты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның басшы органдарын сайлау болатын. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығы мына құрамда: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев – Төралқа төрағасы, Қ.Найманбаев – төрағаның бірінші орынбасары, Дәлелхан Жаналтай, Мырзатай Жолдасбеков,Алтынбек Сәрсенбаев – төралқа мүшелері болып сайланды.

Кешкілік Республика сарайында құрылтайдың салтанатты мәжілісі өтті. Мәжілісте Елбасы Н. Назарбаев халқымыздың тарихы мен тағдыры туралы тебірене толғанған баяндама жасады.

Құрылтай құрметіне Алматы облысының Дегерес жайлауында дүбірлі той өтті.

Құрылтай кезінде алыстан келген ағайындар Қазақстанды аралап, Жезқазған, Ұлытау және Түркістанды аралап, аруақтарға тағзым етілді.

2 қараша күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестік ретінде Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алды. Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Қ. Найманбаевтың бұйрығымен С. Балғабаев Қауымдастық төрағасының орынбасары болып бекітілді.

2002 жыл. Қазан айының 23-де Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы ашылды.

Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады.

Салтанатты жиында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы болып Н. Назарбаев бір ауыздан сайланды.

Қауымдастық Төралқасы төрағасының бірінші орынбасарлығына Қалдарбек Найманбаев (2004 ж. қайтыс болғанға дейін), төралқа мүшелері болып Бауыржан Мұхамеджанов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әбдірахман Шетин сайланды.

2004 жылғы қазанның 13-де Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен Қауымдастық Төралқа төрағасының бірінші орынбасары міндеті Т.А.Мамашевқа жүктелді.

2005 жыл. 29 қыркүйекте Астанадағы Үкімет үйінің Мәжіліс залында Қазақтардың III дүниежүзілік құрылтайы салтанатты түрде ашылды.

Мәжілісті Құрылтайды дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Ахметжан Есімов ашты. Құрылтай жұмысына Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

Шетелден келген қазақ диаспорасының жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері мінбеге көтеріліп, өз ойларын ортаға салды.

Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н. Назарбаев бір ауыздан сайланды.

Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.

Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Әбдірахман Шетин, Сұлтан Жанболат, Мейірманқұл Бәкіров, Қабсатар Омарұлы сайланды.

2011 жыл. 25-27 мамырда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы ашылды.

Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н.Назарбаев бір ауыздан қайтадан сайланды.

Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.

Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Абдулқаюм Кесижи, Тоқтарбай Дүсенбаев сайланды.

Мекен жайы

050002, Алматы қаласы Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А Тел/факс: 8 (727) 2739997, 2733244

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}