Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы. Шыңғыс Айтматов (Үлгі:Lang-en) атындағы халықаралық академияның академигі. Халықаралық "ПЕН" клубтың мүшесі. Қазақстан жазушылар одағының Басқарма мүшелігіне сайланған. ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның мүшесі. ІI сыныпты Кеңесші дипломатиялық рангі бар. Халықаралық Түркі Академиясының президенті (2014 жылдан). Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Низами атындағы Тіл және әдебиет институтының Құрметті докторы. Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық академияның вице-президенті.

2015 жылдың 15 сәуірінде Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Қорқыт ата мұрасы және түркі әлемі» атты халықаралық форум ұйымдастырды. 2016 жылдың 28 наурызында Нью-Йоркте, БҰҰ штаб-пәтерінде «Жібек жолы бойындағы синергия және БҰҰ-2030 күн тәртібі» атты халықаралық симпозиум ұйымдастырды. 2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы. 2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.

Өмірбаяны

Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы 1974 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Алматыдағы №2 қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатта оқыған. Өлең-жырлары мен мақалалары 1988 жылдан бері республикалық басылымдарда жарық көре бастаған. 1991 жылы мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанған.

Білімі

ҚазҰУ (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған. Эгей университетінде 1998 жылы "Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі және дүниетанымы" деген тақырып бойынша диссертациясын қорғаған. Ыстамбұл университетінде "Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және оның Түркиямен байланысы" тақырыбында докторлық диссертация қорғап (2001 ж), "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген. Абай атындағы ҚазҰПУ-да "Біртұтас Түркістан идеясы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған (2010 ж). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Түркиядағы Ыстамбұл, Мимар Синан университеттерінің профессоры. Египеттегі Каир университетінде (2006 ж.) және Вашингтондағы Халықаралық лингвистикалық институтында (2013 ж.) біліктілігін жетілдірген. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған тағылымдамалардан өткен. Мемлекеттік "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Отбасы

Үйленген. Төрт ұл, бір қызы бар.

Еңбек жолы

2001-2005 ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.

2003-2005 ж. - "Түркология" институтының және "Бауыржантану" ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері.

2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.

2005-2006 ж. - "Туған тіл" альманахы Бас редакторының орынбасары.

2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.

2006-2007 ж. "Қазақстан" телеарнасында "Күмбез" рухани-танымдық бағдарламасының жүргізушісі.

2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті.

2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

Еңбектері

Мұстафа Шоқай, Түркістан идеясы, Алаш қайраткерлері, қазақ тарихы, түркі дүниесінің тұлғалары, түркология мәселелері, әдебиет тарихы және руханият тақырыптарында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ыстамбұл, Анкара, Қазан, Уфа, Орынбор, Баку, Ташкент, Алматы, Қоқан, Самарқан, Бұхара, Каир, Париж, Вашингтон сияқты қалалардың мұрағат қорлары мен ғылыми кітапханаларында жұмыс жасаған. Түркі халықтарынан шыққан ойшылдардың шығармалары мен өлең-жырларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық іргелі ғылыми жобалар мен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Ғылыми монографиялар мен танымдық жинақтардың авторы. Көптеген ғылыми басылымдар мен әдеби-танымдық журналдардың редакция алқаларына мүше ретінде енген. Түркиядағы А. Ясауи университетінің "Bilig" Түркі Әлемі әлеуметтік ғылымдар журналының кеңесшілер алқасының мүшесі, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Тіл білімі институтының "Түркология" журналының редакция алқасының мүшесі, Халықаралық Түркі академиясының "Global Turk" журналының бас редакторы. «Поволжская археология (Қазан) «Востоковедение» (Уфа) журналдарының редакциялық алқа мүшесі. Мерзімді басылымдарда 300-ге тарта ғылыми және танымдық-публицистикалық мақалалары жарық көрген. Еңбектері Түркия, АҚШ, Голландия, Франция, Польша, Чехия, Қытай және Ресей елдерінде жарияланған.

  • Мұстафа Шоқай. Анкара, 2001 ж.,
  • Тараз тарихы. Тараз, 2005 ж.,
  • Түрік халықтары әдебиеті тарихы, (ұжымдық жинақ) Түркістан, 2005 ж.,
  • Мұстафа Шоқай, Астана, 2007 ж.,
  • Ұлық Түркістан, Астана, 2008.,
  • Атымды адам қойған соң... Астана, 2008 ж.,
  • Жерұйық. Астана, 2009 ж.
  • Мұстафа. Астана, 2012 ж.
  • «Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2015 ж.

Марапаттары

  • Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жүлдегері.
  • Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.).
  • Еңбектегі жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатымен және мерекелік медальдармен марапатталған.
  • Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).
  • "Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды (2015 ж.).
  • "Жаңа Түркия" Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған "Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет" Алтын медалін алған (2015 ж.).
  • Түркі дүниесі "Қызыл алма" сыйлығының иегері (2015 ж.).
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).
  • Түрік ошақтары ұйымы тарапынан тағайындалған «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының иегері (2016 ж.).
  • ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.).
  • «Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған «Түркі әлеміне қызметі үшін» марапатының иегері (2017 ж.)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}